• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
көрмелер халықаралық Берта фон Зуттнер. Бейбітшілікке арналған өмір. 2011

Берта фон Зуттнер. Бейбітшілікке арналған өмір. 2011

2011 жылғы 4 ақпанда мұражай-қорық галереясында (М.Горький көшесі, 59) «Берта фон Зуттнер. Бейбітшілікке арналған өмір» атты көрме

«Берта фон Зуттнер. Бейбітшілікке арналған өмір» атты көрмені Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы мен Қазақстан Республикасындағы Австрия елшілігінің  қатысуы арқылы Австрияның сыртқы істер министрлігі  ұйымдастырды.

 

Берта фон Зуттнер (1843-1914) – жазушы, шешен, бейбітшілік жолындағы бүкілдүниежүзілік қозғалыстың жетекші қайраткерлерінің бірі. Өз дәуіріндегі ықпалдарға қарамастан,  ол тайсалмастан ұлттық фанатизмге қарсы шықты, соғыс өртін тұтандырушыларға, жеккөрушілікті үгіттеушілер мен антисемитизмге қарсы болды. Берта фон Зуттнер – Бейбітшілік сыйлығына алған тұңғыш лауреат-әйел. Тіпті өзінің досы әрі меценат Альфред Нобельге  Нобель сыйлығының негізін қалауға қозғау салған адам.

«Қару жойылсын!» – Берта фон Зуттнердің әйгілі романының бұл атауы осы қайсар әйелдің бірмезгілде бағдарламасы әрі өмірінің ең маңызды мақсаты болып табылды.

Берта фон Зуттнердің идеялары бейбітшілікті сақтауға және бүкіл әлемде адам құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған. Өйткені, адамның құқықтары қорғалған жерде ғана баянды бейбітшілік пен қауіпсіздіктің болатыны сөзсіз. 


«Берта фон Зуттнер. Бейбітшілікке арналған өмір» көрмесінің ашылуы. Солдан оңға қарай: Петер Хельмюллер – Қазақстан Республикасындағы Австрия Елшілігінің бірінші хатшысы және консулы; аудармашы; Н.А.Зайцев - мұражай-қорық директоры, Р.Қ.Қайырсынов – ШҚО мәдениет басқармасы бастығының орынбасары; Е.М.Аязбаев – ШҚО халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі; Э.Т.Төлеубеков – Достық Үйінің директоры. «Берта фон Зуттнер. Бейбітшілікке арналған өмір» көрмесінің ашылуы. Солдан оңға қарай: Петер Хельмюллер – Қазақстан Республикасындағы Австрия Елшілігінің бірінші хатшысы және консулы; аудармашы; Н.А.Зайцев - мұражай-қорық директоры, Р.Қ.Қайырсынов – ШҚО мәдениет басқармасы бастығының орынбасары; Е.М.Аязбаев – ШҚО халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі; Э.Т.Төлеубеков – Достық Үйінің директоры.
«Берта фон Зуттнер. Бейбітшілікке арналған өмір» көрмесінің салтанатты ашылуы. 04.02.2011 ж. Көрменің салтанатты ашылуы. ШҚО мәдениет басқармасы бастығының орынбасары Р.Қ.Қайырсыновтың сөз сөйлеуі.
Көрменің салтанатты ашылуы. Қазақстан Республикасындағы Австрия Елшілігінің бірінші хатшысы және консулы Петер Хельмюллердің сөз сөйлеуі. 04.02.2011 ж. «Берта фон Зуттнер. Бейбітшілікке арналған өмір» көрмесімен танысу. 04.02.2011 ж.
«Берта фон Зуттнер. Бейбітшілікке арналған өмір» көрмесімен танысу. 04.02.2011 ж. «Берта фон Зуттнер. Бейбітшілікке арналған өмір» көрмесінде. Ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру мәселесін талқылау. 04.02.2011 ж.
«Берта фон Зуттнер. Бейбітшілікке арналған өмір» көрмесінен көрініс. 04.02.2011 ж. «Берта фон Зуттнер. Бейбітшілікке арналған өмір» көрмесінде. Петер Хельмюллер Пікірлер кітабына естелік жазба түсіруде. 04.02.2011 ж.
«Берта фон Зуттнер. Бейбітшілікке арналған өмір» көрмесінде. Петер Хельмюллер Пікірлер кітабына естелік жазба түсіруде. 04.02.2011 ж.
 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …