2011 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасының Елшілігі ұсынған. «Рабиндранат Тагор кескіндемесі» (туғанына 150 жыл толуына орай) көрмесі ашылды.
Онда Р.Тагордың цифрлы 45 картинасы ұсынылған.
Бірінші рет өскемендіктерге үндінің ұлы ақыны, философы және ойшылы дарынының жаңа қырларымен танысудың, оның бейнелеу шығармашылығындағы өзіндік ерекше талантын бағалаудың бірегей мүмкіндігі туындап отыр.
67 жасында Тагорда өзін-өэі таныта білудің жаңа үлгісіне деген керемет құштарлық пайда болды. Оның шығармашылығының тағы бір қыры ашылды, енді үндінің ұлы ақыны, философы және кемеңгері суретшіге айналды. Өмірінің соңғы 12 жылындағы шығармашылық күш-жігерін графика мен кескіндемеге арнап, өзінің қаламын біртіндеп ұмыта бастады Тагор артына шамамен екі мыңға жуық бейнелеу өнері туындыларын қалдырды, олар суреттерінің өзгешелігімен және ырғақты әсемдігімен ерекшеленеді. Қылқаламының қолжазба беттеріне тиісімен-ақ еш ойланбастан, сызған жерлерін өрнекке айналдыратындығын байқаған ақын кескіндемеге бет бұрды. «Мен сызықтың тартымдылығына бой алдырдым»,- деді Тагор.
Ұлы шебер ешқандай белгіленген ережелерді ұстанбады. Оның картиналары, күтпеген талпыныстың, өзіндік және идеалистік, сондай-ақ тосыннан болған бай қиялы жемісінің нәтижесі болып табылады. Көрмеге ұсынылған туындылардың ішінде – әйел бейнелерінің сериясы, автопортрет, каллиграфиялық және абстрактылы композициялар мен т.б. бар. Тагор-суретшінің шығармашылығы шынайы және көркем.
ХХ ғасырдағы ұлы кемеңгерлердің бірі өзі туралы: «Менің өмірімнің таңы әнге толы болды; менің күндерімнің батуы бояуларға толы болсын»- деген екен.
Көрмеден көрініс. 25.05.2011 ж. |
Автопортрет |
Әйел |
Банан ағашын зерттеу |
Тапатиден картинасының иллюстрациясы |
Каллиграфиялық композиция |
Ұшып бара жатқан көгершін |
Билеп тұрған қыз |
Көрме ашылардың алдында «Жастар» этнобағындағы Р.Тагордың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
«Адамзатқа деген сенімді жоғалту – үлкен күнә, мен өзімді мұндай күнәмен былғамаймын. Жолындағыны күйрететін жойқын дауылдан кейін қара бұлттардан арылған аспанда жаңа сәуле: адамға қажырлы қызмет етудің жарық сәулесі жарқырайды. Тарихтың жаңа, былғанбаған беті ашылады. Және бірінші болып, бәлкім, таң шапағы ататын Шығыс дүр сілкінетін болар».Үнлі халқының ұлы перзентінің осы сөздері сәуегейлікпен айтылған.
Тагордың кемеңгерлігін құрмет тұтқан Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаының хатшысы Василий Иванович Ахаев пен Қазақстан Республикасындағы Үндістан елшілігінің бірінші хатшысы, Үнді мәдениет орталығының директоры Винод Кумар мырза (көрменің ашылуына қарай Астанадан арнайы келген) ескерткішке гүл қойды.
Түрлі елдердің халықтары Тагор шығармаларымен таныс және оларды жақсы көреді. Ұлы ақынның өлеңдері қазақ және ағылшын тілдерінде оқылды.
Іс-шараға келген қонақтар содан кейін мұражай-қорықтың М.Горький, 59 мекенжайдағы ғимаратына бет алды, онда олардың назарына Рабиндранат Тагордың өмірі мен шығармашылығы туралы 15 минуттік деректі фильм ұсынылды.
Көрмені ашу құрметіне Қазақстан Республикасындағы Үндістан елшілігінің бірінші хатшысы, Үнді мәдениет орталығының директоры Винод Кумар мырза мен Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаының хатшысы Василий Иванович Ахаев ие болды.
ШҚМУ студенті Әлиза Ешәлиева Тагор өлеңдерін қазақ тілінде оқып тұр | Республикасында тегін оқуға грант алған ШҚМУ студенді. |
Р.Тагор шығармашылығына арналған фильмді көру, оны Қазақстандағы Үндістан елшілігі берген. | Көрменің ашылу кезі. ШҚО мәслихатының хатшысы Василий Иванович Ахаев сөз сөйлеп тұр. |