Әртүрлі қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, тіпті жай ғана қарапайым адамдар көптеген жылдар бойы ШҚО-ның Ұлан ауданында орналасқан бірегей «Ақ бауыр» табиғи және тарихи-археологиялық кешенін сақтап қалуға байланысты проблемаларды өз беттерімен шешуге тырысқан болатын.Осы мәселеден Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығы да тыс қалған жоқ. 2009 жылдан бастап мұражай-қорық қызметкерлері бірегей ескерткіш шеңберіндегі жерлерді егжей-тегжейлі зерттеу жөнінде жұмыс жүргізді. Кешен орналасқан өңірдің табиғи-географиялық, геологиялық ерекшеліктері мен археологиялық ескерткіштері жөнінде ғылыми ақпарат жиналып, жүйелендірілді. Жүргізілген жұмыстартдың нәтижелері бойынша 2011 жылдың маусым айында мұражай-қорық ШҚО мәдениет басқармасына «Ақ бауырды» мұражаландыруға байланысты мәселені қарау туралы өтінішпен шыққан болатын. «Ақ бауыр» кешенін сақтап қалу және ұтымды пайдалану жөнінде нақты іс-шаралар көрсетілген түсіндіру хаты (негіздеме) мен оларды іске аыру бойынша шығыстар сметасы әзірленді. Мұражай-қорықтың ұсынысы мақұлданып, тек ШҚО мәдениет басқармасының тарапынан ғана емес, облыс әкімі – Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың жеке өзі де қолдау шықты, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2011 жылғы 18 маусымдағы № 2895 тапсырмасының 1 тармағын орындау үшін 2011 жылдың күзінде Ұлан ауданының жер қатынастары бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп қорғау аймағының шекаралары нақтыланып, екі учаскелердің жерлері бөлінді. Жартастарында охрамен салынған энеолит дәуірімен (б.д.д.Ү-ІІІ мыңжылдық) мерзімделген суреттері бар үңгір орналасқан Қоржынбай тауының баурайынан алаңы 62,95 га болатын жер телімі бөлінген болатын. «Қызыл тас» бейіті орналасқан Сорока тауы маңынан аумағы 18,86 га учаске бөлінді. Осы бөлінген жер телімдерінде ашық аспан астындағы мұражай ұйымдастыру үшін Ұлан ауданының әкімдігі оларды мұражай-қорықтың меншігіне беруге шешім қабылдап, қажетті құжаттама әзірледі. Құжаттар Мем ҰПОжер ШҚ МКД-ға рәсімдеу үшін өткізілді. ҰПОжер ШҚ МКД жерге орналастыру жобаларын жасап,2012 жылғы 16 ақпанда мұражай-қорық бөлінген жер телімдерін тұрақты пайдалану құқығын беретін актілерді алды.
ШҚО Ұлан аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 23қаңтардағы қаулысымен Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 «Жер Кодексінің» 2, 17, 34, 43, 105, 136 баптары негізінде Қоржынбай тауының баурайындағы көлемі 62,5 га телімге;
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 ҚР Заңының 31 бабы 1 тармағы 10 тармақшаларының, ШҚО Ұлан ауданы жер қатынастары бөлімінің 2011 жылғы 24 қарашадағы № 619 хатамасы негізінде 05-079-002-6890 кадастрлық номерлі телімге № 0117692 акт берілді.
Сорока тауындағы (Қызыл тас) көлемі 18,86 га жер учаскесіне Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің, ШҚО Ұлан ауданы жер қатынастары бөлімі комиссиясының 2011 жылғы 24 қарашадағы № 620 хаттамасының, ШҚО Ұлан ауданы жер қатынастары бөлімінің 2012 жылғы 24 қаңтардағы № 27 бұйрығының негізінде ШҚО Ұлан ауданының Аблакетка ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 24 қаңтардағы № 442 өкімімен 05-079-001-586 кадастрлық номерлі учаскеге № 0117691 акт берілді. Қолға тиген құжаттар 2012 жылғы 17 ақпанда ШҚО Ұлан ауданының әділет органдарында (жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша) тіркеуден өтті.
Екі телімде де Тарих пен мәдениет ескерткіштерінің Жергілікті маңызы бар Мемлекеттік тізіміне енгізілген археологиялық ескерткіштер орналасқан. Қоржын тауындағы жартастық суреттердің 499.019.А1, номерлі қорғау ордері Сорока тауындағы Қызыл тас бейітінің 501.021.А1 номерлі қорғау ордері бар.
2012 жылғы 02 шілдедегі «Штаттық кестеге 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қосымша енгізу туралы» № 267- қ бұйрықпен мұражай-қорықтың штатында «Ақ бауыр» бөлім құрылды, бөлім меңгерушісі болып Галина Геннадьевна Петенева тағайындалған болатын. «Ақ бауыр» кешенінің бірегейлігі ескеріле отырып, киелі жердің табиғи ортасы мен археологиялық кешендерінің бірыңғай қауіпсіздік жүйесін құру, қоршаған ландшафт пен археологиялық ескерткіштердің тарихи анықтығын қалпына келтіру, сақтау және қолдау бөлімнің негізгі міндеті болып табылады. Екінші бағыт шағын ауданды археологиялық, сондай-ақ тарихи-мәдени зерттеулермен қоса ғылыми-мәдени қызметті жүзеге асыру ісімен байланысты жүргізіледі. Ал үшінші бағыт ағарту, білім беру және экскурсиялық-туристік қызметпен байланысты болып табылады. Болашақта мұражай ғимаратын салу жоспарлануда.
2012 жылдың тамз-қазан айларында Қоржынбай тауы аумағындағы учаскенің бүкіл периметрі бойымен, «АзаБи» ЖШС ұзындығы 2300 м.қоршау қойып, кіру тобын орнатты. 2013 жылдың көктемінде «Ақ бауыр» бөлімінің штаты 14 адамға дейін жеткізіліп, толығымен жасақталды., мұның өзі кешеннің тәулік бойы күзетілуін және аумақты аббатандыру ісін бастауды қамтамасыз етті. «Ақ бауырда» қабылданған шаралардың арқасында кешенге туристер ұйымдасқан түрде келе бастады, бұл маңда мал жаю тоқтатылды, мұның өзі шөптің жайқалып өсуін қалпына келтіруге ықпал етті, автомобиль жолы мен карьеріндегі топырақтың эрозиясы ішінара тоқтатылды. Бөлім қызметкерлері киелі жер аумағындағы ескерткіштерді анықтау жөніндегі далалық зерттеулерін жалғастыруда. Экскурсиялар жүргізіледі.
Шығыс Қазақстан облымтық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорықтың басшылығы ашық аспан астындағы «Ақ бауыр» мұражайын ұйымдастыруға атсалысқандардың барлығына зор алғыс білдіреді. Атиап айтқанда:
Шығыс Қазақстан облысының әкімі (2012 ж.) - Бердібек Мәшбекоұлы Сапарбаевқа.
Ұлан ауданының әкімі (2011 ж.) – Жомарт Хайдарұлы Мұратовқа.
Аблакетка ауылдық округінің әкімі (2012 ж.) –Мейіргүл Әкірашқызы Құсайыноваға.
«ШҚО мәдениет басқармасы» ММ бастығы (2012.ж.) - Жаксылық Мұқашұлы Омарға.
«Ұлан ауданынының жер қатынастары бөлімі» ММ бастығы - Марат Тұрғанұлы Төкежановқа.
ВК ДГП «ГосНПЦзем» басшылығы мен қызметкерлеріне
«Әшімов және К0»ШС шаруа қожалағының басшысы –Жаңабай Әшімұлы Түгеловке.
«АзаБи» ЖШС-ке, директоры Б.М. Шаяхметов
«АқтасЖерЖобаҚұрылыс» ЖШС, директоры Р.А.Кәкімов
Землеотвод участков 1 октября 2011 г.
Установка межевых знаков 22 мая 2012 г.
Ставим забор 5 октября 2012 г
---
---
Ставим и оборудуем киоск 15 мая 2013 г.
Установка вагончика 1 августа 2013
на Ак бауыре
на Ак бауыре