2012 жылғы 22-25 мамырда - Нидерландтың дамушы елдермен ынтымақтастық жасау жөніндегі гуманитарлық институтының (HIVOS) қолдауымен «Дешт-и-Арт» заманауи мәдениет орталығы (Қазақстан, Қарағанды), ШҚО мәдениет басқармасы, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы «Ашық Азия — Ашық Мұражай» атты III фестиваль өткізді (Өскемен қаласы).
«Ашық Азия — Ашық Мұражай» атты фестиваль мемлекеттік құрылымның, МЕҰ мен халықаралық ұйымдардың жемісті серіктестік ынтымақтастығының үлгісі болып табылады. Фестиваль өткізу үшін әр жылдарда Будапешттің Ашық қоғам Институты, Нидерландтың дамушы елдермен ынтымақтастық жасау жөніндегі гуманитарлық институты «Хивос», Алматының Гете-Институты, Қарағанды облысының мәдениет департаменті, «Білім беру бастамалары орталығы» ОФ (Бішкек), «Мұражай бастамалары орталығы» ОФ (Бішкек) және басқалар серіктестер болған.
Фестивальге қатысқандар – Қазақстанның, Өзбекстанның, Қырғызстан мен Тәжікстанның мұражайлары, мұражайлық институциялары мен мұражай қызметкерлері.
Мақсат – қатысушы елдер мұражайларының қызметін жандандыру және жаңашаландыру, мұражай жұмысына инновациялық әдістер енгізу.
Фестивальдің міндеттері:
- кәсіби тәжірибе алмасу
- мұражай жұмысы саласындағы ең жаңа әзірлемелермен танысу
- Қазақстанның, Өзбекстанның, Қырғызстан мен Тәжікстанның мұражайларындағы ең қызықты және инновациялық оқиғаларды айқындау және қолдау көрсету
- «MUSEUMстан» жобасының гранттық конкурсы мен білім беру бағдарламасы нәтижелерінің тұсаукесері
- аймақтардағы мұражай мамандарының бастамасын қолдау және кәсіби деңгейін көтеру
Фестиваль бағдарламасында:
- аймақта іске асырылған мұражайлық жобалардың конкурсы
- сарапшылар кеңесі
- заманауи мұражайлық практиканың көкейтесті проблемалары бойынша лекциялар
- аймақ мұражайларының конкурстан тыс бағдарламадағы медиа-тұсаукесері
- қабылдаушы мұражайдың бірегей тәжірибесі: мұражай-қорық аумақтың кешенді дамуындағы мәдени айқындаушы әлеует ретінде
Фестиваль аталымдары:
- Мұражай экспозициясы – болашақ креативті өзгерістер үшін өзіндік үлгі болады деп болжанған жобалар ұсынылды, олар экспозицияларды немесе жекелеген экспозициялық фрагменттерді тұжырымдамалы түрде жаңартуы мүмкін.
- Мұражайлық оқиға – мұражайға келермендерді тарту проблемаларын шешуге бағытталған және әртүрлі мақсатты аудиториялармен жұмыс жасаудың жаңа, көкейтесті үлгілерін болжайтын жобалар ұсынылды.
- Мұражайлық әлеуметтік сервистер – аумақтық өзекті проблемаларды шешу және қоғамға әлеуметтік-өзекті қызметтер көрсету (соның ішінде әлеуметтік серіктестік және аумақтың туристік әлеуетін дамыту) үшін мұражайдың спецификалық әлеуметтендіруші мүмкіндіктері мен әлеуетін пайдаланатын жобалар ұсынылды.
Фестивальдің Сарапшылар кеңесі:
Суботич Ирина (Сербия, Белград)
Өнер тарихшысы, музеолого, Белградтағы Өнер академиясы мен өнер университетінің профессоры, AICA, ICOM/CIMAM, La Dante мүшесі, Europa Nostra Халықаралық европалық мәдени мұра жөніндегі Кеңестің вице-президенті және мүшесі, Сербиядағы Europa Nostraның негізін қалаушылардың бірі және президенті. Сербияда, Югославия мен әлемде заманауи және авангардтық өнер көрмелерін ұйымдастырушы; авангардтық өнер, музеология және мәдени мұраны сақтау жөніндегі көптеген кітаптар мен мақалалардың авторы.
Артамонов Александр (Ресей, Мәскеу)
Манчестер университетінің Master of Arts in Cultural Managementі (Ұлыбритания), «Мұражайлық шешімдер» шығармашылық тобының сарапшысы, АДИТ коммерциялық емес серіктестік төралқасының мүшесі.
Мәдениет және білім саласындағы ондаған жобалық және талдау семинарлары мен ұйымдастырушылық-әрекеттік ойындардың жүргізушісі, үйлестіруші, сарапшы. «MUSEUMstan» жобасы Гранттық конкурсының сарапшысы.
Плетникова Лариса (Қазақстан, Қарағанды)
Өнертанушы, мұражай маманы, Дешт-и-Арт / «Қоғам дамуы зертханасы»» АҚ заманауи мәдениет орталығының директоры, «MUSEUMcTaH» жобасының кураторы. Мұражайлар жұмысының инновациялық әдістеріне арналған аймақтық конкурстар мен аналитикалық семинарларды ұйымдастырушы. Мұражайлық эксперименттік жобалардың авторы, «Болашақ барлауы» атты ашық мұражайлық форум дипломанты (Ресей, 2004), «The Best in Heritage» номинанты (Хорватия, 2005). Қазақстанның мұражайлық практикасы, мәдени саясаты мен өнері бойынша зерттеулер мен жарияланымдардың авторы.
Сафарова Гүлдана (Қазақстан, Қарағанды)
Өнертанушы, мұражай маманы, Дешт-и-Арт / «Қоғам дамуы зертханасы»» АҚ заманауи мәдениет орталығы директорының орынбасары, «MUSEUMcTaH» жобасының кураторы. Мұражайлар жұмысының инновациялық әдістеріне арналған аймақтық конкурстар мен аналитикалық семинарларды ұйымдастырушы. Мұражайлық эксперименттік жобалардың авторы, «Болашақ барлауы» атты ашық мұражайлық форум дипломанты (Ресей, 2004), «The Best in Heritage» номинанты (Хорватия, 2005). Қазақстанның мұражайлық практикасы, мәдени саясаты мен өнері бойынша зерттеулер мен жарияланымдардың авторы.
Рахымбаева Бахтылы (Қазақстан, Өскемен)
ШҚ облыстық мәдениет басқармасының мәдениет пен өнерді ұйымдастыру жұмысын қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды жүргузу және тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі бас маман.
Қызметтік міндеттері – облыстың мәдениет және өнер ұйымдарының қызметін үйлестіру, талдау және мониторингі.
Фестиваль марапаттары:
Гран-при
Николай Алексеевич Зайцевке
шекарасыз мұражай идеяларын жүзеге асырудағы ауқым, жасампаздық энергиясы мен адамсүйгіштігі үшін
Джамшед Холиковқа
жабық қала мұражайының ашықтығы және суретшінің азаматтық жауапкершілігі үшін
«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайына
мұражайлық ауқымды оқиға жасағаны және аумақ брендінің метафоралық интерпраетациясы үшін
Дипломанттар
Бақтыгүл Капаловаға
білім беру саласында мұражай құралдары арқылы жаңа маршруттар ашқаны үшін
Сафармо Ятимоваға
Қаланың көкейтесті проблемаларын шешуде мұражайдың белсенді позиция ұстанғаны үшін
Өзбекстанның И.В.Савицкий атындағы мемлекеттік өнер мұражайына (Нүкіс қаласы)
мұражайдың балаларға ашық болуындағы ұтқырлығы мен табысы үшін
Виктор Вяткинге
мұражайлық бұйымға саналы түрде қарағаны үшін
Қырғызстанның Мемлекеттік Тарихи мұражайына
кішкентай заттар арқылы үлкен заман рухын білдіргені үшін
Роза Ержанқызы Игібаеваға
мұражайды алға жылжытудағы батылдығы мен алғырлығы үшін
Арнайы назар бөлу
Наталья Дмитриевна Скориковаға
қазіргі заманғы тарихты адами тұрғыда оқығаны үшін
«Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи мұражай-қорыққа
Аумақ пен этномәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін
Дополнительное фото ( Слайд-шоу )
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|