2019 жылғы 14 қарашада "Рухани жаңғыру" жалпыұлттық бағдарламасын іске асыру аясында Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы саябақта қазақ халқының ұлы ақыны Жамбыл Жабаев ескерткішінің салтанатты ашылуы болып өтті.
Оны алматылық мүсіншілер Сарсен Сеитов пен Қазыбек Дулатов жасаған. "Өскеменде ескерткіштің ашылуы – қазақ халқының ұлы ұлдарының бейнелер галереясын құруға қосылған үлкен үлес" - деді өңір басшысы Д.К. Ахметов. Ақынның немересі, Алматы облысындағы Ж. Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейінің меңгерушісі Салтанат Жамбылқызы Жамбыл атындағы саябаққа жиналғандарды қала өміріндегі ерекше есте қалатын оқиғамен құттықтады. Салтанат Тезекбайқызы ескерткіштің ашылуына немересі Жеңісхан Жамбыловпен бірге келді. Салтанатты рәсімге мүсіншілердің бірі – Сарсен Сеитовте те қатысты. Оған ШҚО әкімінің алғысхаты табысталды. Ақын немересінің айтуына қарағанда, ескерткіш әйгілі атасына өте ұқсас болып шыққан.