Саябақ негізі 1899 жылы қаланған.
Бұған дейін Шөп базары болған, онда шөп, ағаш, мал сатылған. Қалалық баққа ағаш отырғызу 1902 жылы аяқталған, бақ ағаш қашамен қоршалған. Кейіннен, Кеңес өкіметі кезінде бақ «Юбилейный» кинотеатрына қарай кеңейтілген.
Қалалық атқару комитетінің 1946 жылғы 30 шілдедегі шешімімен саябаққа Жамбыл Жабаев есімі берілді.
ШҚО Әкімі В.Л.Меттенің 2000 жылғы 28 маусымдағы № 1-931 өкімімен Жамбыл атындағы экологиялық-зоологиялық саябақ құру көзделген. Саябақ мәдени-ағарту кәсіпорны ретінде белгіленген болатын, оның базасында ғылыми-практикалық жұмыс, студенттер мен мектеп оқушыларының практикумдарын өткізу жоспарлаған еді.
Экологиялық-зоологиялық саябақ құрылған жылы 5,43 гектар алқапта 15 түрге жататын 1245 ағаш пен бұталар өсіп тұратын. Ағаштардың көпшілік бөлігі (665 дана) шағанжапырақты үйеңкі мен кәдімгі үйеңкі, сондай-ақ кәдімгі және ұсақжапырақты шегіршін, қотыр қайың, қара терек, сібір балқарағайы, кәдімгі шырша, ұсақжапырақты жөке және басқалар болды.
Ол 2002 жылы Шығыс Қазақстан облыстық мұражайына берілді.
Осылайша, саябақта өсіп тұрған сүрекдіңге орманшаруашылық баға бере отырып, содан кейінгі 5 жыл бойы әкімшілік орманшаруашылық іс-шаралар кешенін жүргізді, мұның өзі саябақ тазартылып, сауықтырылды деуге негіз бола алады.
Өсіп түрған сүрекдіңді сауықтырумен біруақытта түр құрамын күрт ұлғайтуға бағыт алынды.
Барлығы 6 жыл ішінде түрлік құрам 4 есеге көбейіп, 2008 жылдың 1 қаңтарына қарағанда 67 түрлі ағаштар мен бұталар болды.
Саябақтың бүкіл алқабы (зообақтан басқасы) жыртылып, 4,3 га жерге газондық шөптер, негізінен бетеге себілді.
Алаңы 9500 шаршы метр болатын барлық аяқжолдар реконструкцияланып, асфальттың орнына сәндік кірпіштер төселді. Көптеген гүлзарлар, тірек қабырғалары, ландшафтық композициялар жасалды. Мұның бәрі иесіз және күтімсіз қалған жерлерде жүргізілді.
2006 жылы саябақтың ортасында альпілік төбешіктері, субұрқақтары, ауыспалы жолдары, күркелі орындықтары бар бірегей ландшафтық композиция құрылды. Осы жер қазір саябақтың орталық әрі ең әсем жері екені сөзсіз.
Иесіз қалған бетон алаң балалардың сүйікті демалыс орнына айналдырылды, онда 3 гүлзар салынып, балалар төбекшіктері, теремдер, әткеншектер мен т.б. қойылды.
2008 жылдың шілде айында зообақ Ертістің Сол жағасына көшіріле бастады.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|