«Жастар» саябағындағы этнографиялық ауылда орналасқан қазақ жазушыларының павильонында тұрақты істейтін «Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы» әдеби-мемориалдық экспозициясы өз жұмысын жалғастыруда. Ол Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылындағы Мұражай-үйінің үлгісінде жабдықталған. Павильон 2006 жылы ашылған. Экспозиция жыл сайын жазушы кабинетінің жабдықталуын бейнелейтін жаңа экспонаттармен толықтырылуда.
2012 жылы әдеби-мемориалдық кабинет мұражай-қорықтың қор коллекцияларының бұйымдарымен толықтырылды. Олар:
- Абайдың портреті салынған кәдесый тәрелке, 1995 жылы қазақ әдебиетінің ұлы классигінің мерейтойына орай Кемеров облысының Прокопьевский заводында дайындалған.
- Сырмақ, алаша, телевизор Оралхан Бөкейдің айналасында болған заттар мен бұйымдардың тұпнұсқасы сияқты.
Сондай-ақ, шыңғыстайлық тұпнұсқа негізінде мұражай-қорықтың суретші-реставраторы, пейзажшы Чалабаев Тимур Ильясович жасаған бұйымдар:
- Картина «Аягөз ауданындағы Қозы Көрпеш – Баян сұлу мазарының көрінісі»;
- Мүсінше «Тиін».
Экспозицияның Оралхан Бөкейдің шығармашылығына арналған бөлімінде жазушының шығармалары мен ол туралы әдебиеттер қойылған.
Көрме 2010 жылдың маусым-қазан айларында жұмыс істейді.
Тапсырыстар қабылданатын телефондар: 26-82-97, 26-85-29.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|