2013 жылдың 4 ақпанында Глубокое ауданы Глубокое кентінде Шығыс Қазақстан облысы мәдениет қызметкерлерінің 1-ші Конгресі өтті.
Конгресс шеңберінде облыстық мәдениет басқармасының бастығы Жақсылық Омар «Мәдениет басқармасының 2012 жылғы жұмысының қорытындысы және 2013 жылдың міндеттері» туралы баяндама жасады.
Аталған кездесуге қалалық/аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің бастықтары, мәдениет және өнер мекемелерінің басшылары, БАҚ өкілдері, басқармамен өзара қарым-қатынастағы мүдделі құрылымдар өкілдері қатысты.
Қалалық/аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің бастықтары, мәдениет және өнер мекемелерінің басшылары өздерінің 2013 жылға арналған имидждік жобаларының тұсаукесерлерін өткізді. Олардың қатарында мұражай-қорық та жаңа нысандар құрылысы бойынша жобаларын ұсынды. Салынатын жаңа нысандар тізімі төменде беріліп отыр.
Солжағалық мұражай кешенінің келушілері үшін келесі жаңа құрылыс кешендері жоспарлануда (облыстық әкімдіктің ақша қаражатынан):
1. Үндістан, Қытай, Қазақстан, Орта Азия елдерін басып өткен көне Жібек Жолы бойындағы аймаққа енетіндігіміздің белгісі ретіндегі сәулет кешенін құру.
2. Юрский кезеңіндегі бақ
3. Қиял елі (Ай қалашығы)
4. Оқиғалар елі (қарақшылар аралы)
5. Оқиғалар елі (Лабиринт)
6. Аяз Ата сарайы
7. 2 шақырымға созылатын балалар темір жолы
8. «Ақ-Бауыр» тарихи-археологиялық кешені
9. Жағажай
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|