2013 жылғы 27 сәуірде мұражай-қорықтың этнографиялық кешенінде түрлі іс-шаралар өткізілді. Өскемен қаласында Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан халқы ассамблеясының ХІХ сессиясы, сондай-ақ «Бір шаңырақ астында» атты достық Форумы өтті. Сессияда ҚХА-ның «Қазақстан-2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбында өткен республикалық ХХ сессиясында мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін іске асыру жөніндегі шаралар талқыланды.
Сессия жұмысына Достық Үйлерінің делегациялары – этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен жетекшілері; ҚР парламентінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов, саяси партиялардың, кәсіподақтардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, РФ-тің Өскемен қаласындағы бас консулы Сергей Викторович Анненков, Алтай өлкесі әкімшілігінің азаматтық қоғам институттарымен байланыс жөніндегі департаментінің бастығы Валерий Александрович Труевцев қатысты.
Сессияға дейін де, содан кейін де жұртшылық серуенге шығып, спорттық ойындар мен жарыстар ұйымдастырылды. Этномәдени бірлестіктердің мүшелері іс-шараны қызықтаушыларды халықтардың тарихымен, мәдениетімен және дәстүрлерімен таныстырды, ал шығармашылық ұжымдар оларды өздерінің орындаған әндерімен және билерімен қуантты.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Достық үйлеріне «Ұлттық шығармашылықты, мәдениетті дамытуға, ұлтаралық келісім мен қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін» сыйлығын тапсырды.
Фото Мазницина А.А.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|