2015 жылдың 23 ақпанында ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығына «Лада» балабақшасының тәрбиеленушілері келді. Аз санды этнотоптар бөлімінің қызметкерлері «ШҚО халықтарының мәдени мұралары» және «Қазақстан халқы Ассамблеясы – достық пен гүлденудің кепілі» тақырыптары бойынша лекция-экскурсия ұйымдастырды. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойын бағдарламасы дайындалды, онда олар Шығыс Қазақстан халықтарының рухани және материалдық мәдениетімен, костюмдерімен, музыкалық аспаптарымен, кәдесыйларымен танысты.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|