Мұражай-қорықтың Қасым Қайсенов көшесі, 67 мекенжайдағы ғимараты - № 1корпуста сенбі күні - 2015 жылғы 7 наурызда «Ашық мұражайлар» іс-шарасы аясында «Бірлігіміз жарасқан» акциясы өткізілді. Мұражай-қорық қызметкерлері Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз қарсаңында Өскемен қаласының әйелдері үшін мына көрмелерге тегін кіруді ұйымдастырды:
- «Көктемгі калейдоскоп» (Шығыс Қазақстандағы сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің көктемгі дәстүрлі көрмесі мұражай қорынан және жеке коллекциялардан ұйымдастырылған); - «Біз - Қазақстан халқымыз»
(Шығыс Қазақстанда тұратын халықтардың материалдық және рухани мәдениеті жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін экспозициялар бойынша экскурсиялар)
- Мына көрме залдары бойынша экскурсиялар:
- «Оңтүстік және оңтүстік-батыс Алтайдағы орыс шаруаларының мәдениеті мен тұрмысы»;
- «Шаруа тұрмысының эстетикасы»; - «Ескідәстүршілдердің материалдық және рухани мәдениеті»; - «ВКО сәндік-қолданбалы өнері (мұражай-қорық қорының коллекцияларынан); - Экспозиция: «Біз - Қазақстан халқымыз. Поволжье және славян халықтары» (белорустар, марилер, чуваштар, татарлар, мордвалар, немістер, украиндар, поляктар);
- Экспозиция: «Біз - Қазақстан халқымыз. Кавказ бен Орта Азия халықтары» (қырғыздар, шешендер, армяндар, әзірбайжандар, түркімендер, тәжіктер, өзбектер);
- Экспозиция: «Біз - Қазақстан халқымыз. Корея мен Қытай халықтары».
(Мұражайдағы акция сағат 9.30-дан 14.00-ге дейін өткізілді)