• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Шығыс Кәдесыйы. 2015

Шығыс Кәдесыйы. 2015

Фото Виктора КоржаФото Виктора Коржа

«Шығыс кәдесыйы» атты қолөнершілер бұйымдарының аймақаралық конкурсы және көрме-жәрмеңке. 2015 жылғы  28 мамыр.

28 мамырда «Жастар» этнобағында  Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу аясында «Шығыс кәдесыйы» атты қолөнершілер бұйымдарының аймақаралық конкурсы мен көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды  және өткізілді.

Іс-шараға 82 қолөнерші Қазақстанның әр аймақтарынан: Өскемен, Семей, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Зырян қалаларынан, Катонқарағай, Күршім, Шемонаиха, Ұлан, Абай, Аягөз аудандарынан, Ново-Баженов, Шульбинск кенттерінен, сондай-ақ, Барнауыл қаласынан және ҚХР шеберлер қатысты.

Іс-шара басталмас бұрын Семей қаласындағы «Айша бибі» ҚҚМО төрайымы – А.И.Боқпасарова құттықтау сөз сөйледі, келесі құттықтау сөзді жүргізушілер Қазақстан қолөнершілер одағының төрайымы – А.М.Бекқұлова  берді, ол барлық қатысушыларды құттықтады және мұражай-қорыққа дәстүрлі бұйымдардың суреттері бар кітап-альбомды сыйға тартты.

Барлық қатысушылар үшін Семей қаласындағы «Айша бибі» вокальдық тобы мен театр және мәдениет сарайы жеке орындаушыларың орындауында музыкалық құттықтаулар орындалды.

Шара барысында үздік шебер мен бұйымды анықтау үшін әділ-қазылар алқасы жұмыс жасады. Шараның соңында конкурстың қорытындысы шығарылды.

Конкурс жеңімпаздары төмендегі номинациялар бойынша марапатталды:

Дәстүрлі қолөнер шебері (үш орын)

I орын- Қ.Әбділдинова – қазақтың дәстүрлі тоқымашылығы    (Семей қаласы)

II орын – И.В.Мартынин. – орыс халқының шығармашылығы (Өскемен қаласы)

III орын – В.А.Сачков. – орыстың дәстүрлі тоқымашылығы (Өскемен қаласы)

Үздік шеберлік (үш орын)

I орын – А.Битемірова. – заманауи киіз басу (Семей)

II орын – Г.Айғожина. – батик (матадағы айшықты сурет) (Семей)

III орын – А.С.Абраменков. – қайың қабығынан дәстүрлі бұйымдар жасау (Зырян)

Кәсіпкершілік (екі орын)

I орын – Е.Н.Ахаев. – қазақтың музыкалық аспаптарын жасау (Өскемен)

II орын – Го–Сун–Чи. – ағаштағы айшықты сурет (Семей)

Жас шебер (үш орын)

I орын – Н.Покидаев. ұсталық шеберлік (Барнуыл қаласы)

II орын – А.Жұматай. – теріден жасалған дәстүрлі бұйымдар (Абай ауданы)

III орын – Әділбек Қуаныш. – ағаштағы айшықты сурет (Катонқарағай ауданы)

Дизайндағы жаңашылдық – (үш орын)

I орын – А.В.Ким.   (Өскемен)

II орын – Б.Атраубаев.   (Ақтөбе қаласы)

III орын – С.Асхан. (Семей)

Бас жүлде Асылбай Абылайханға  (Семей қаласы) берілді, шебер қазақтың дәстүрлі техникасы бойынша жасалған күміс әшекейлердің   үлкен коллекциясын ұсынды.

Барлық жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар берілді.

Көрме–жәрмеңкеге қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Қолөнершілердің атынан сәндік–қолданбалы өнер шебері – К.Ильясова (Қызылорда қаласы), аға ұстаз, әділ–қазы мүшесі, қолданбалы өнер шебері – Р.А.Масаева, ұсталық өнердің жас шебері – Н.Покидаев (Барнауыл қаласы)  алғыс білдіріп сөз сөйледі.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …