«Біз – бір ағаштың бұтақтарымыз» деген атаумен мұражай-қорықтың көрмесі Алматы қаласындағы Қаныш Сәтпаев атындағы мемориалдық мұражайында ұйымдастырылды. Көрме Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына және Қазақ хандығының 550 жылдығына арналды. Көрмеде мұражай-қорық қорынан көпұлтты Қазахстан халқының әр түрлі киімдері: қазіргі үлгіде тігілген қазақтардың, украиндер мен белорустардың костюмдері, корейлердің, татарлардың, түркімендердің үйленутойылық костюмдері, орыстардың мерекелік костюмдері, удмурдтардың және мордвалардың күнделікті киетін костюмдері назарға ұсынылған. Мұражай-қорық қорынан барлығы 89 бұйым қойылған.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|