2015 жылғы 17 қазанда мұражай-қорықтың ақпараттық-білім бөлімінің қызметкерлері (бөлім меңгерушісі Ш.М. Кәрібаева, бөлім мамандары А.А. Асыл, О.М. Калиева) Семей қаласы экономикалық лицейінің 9-11 сынып оқушылары үшін (120 адам) Семей қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес іс-шаралар топтамасын жүргізді.
Іс-шара бағдарламасында:
Мұражай-қорықтың Солжағалық кешеніне бару;
- Виртуалды мұражай экскурсиялары: «Орыс мұражайының залдарына саяхат», «РФ Алмас қоры» 3D форматында;
- «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының «Түркістан – Қазақ хандығының астанасы» атты көрмесі бойынша экскурсия.
Ақпараттық-білім бөлімінің маманы О.М. Калиева РФ Мемлекеттік Орыс мұражайының галереясы бойынша виртуалды экскурсия жүргізуде
Ақпараттық-білім бөлімінің маманы А.А. Асыл «РФ Алмас қоры» виртуалды экскурсиясын жүргізуде
Ақпараттық-білім бөлімінің маманы А.А. Асыл «Түркістан – Қазақ хандығының астанасы» экскурсиясын жүргізуде
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|