Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен аллея негізін қалау облыстық әкімдіктің бастамашылығымен өтті. Дайындық жұмысын құрамына саябақ кіретін ШҚО мұражай-қорығы өз қолына алды.
Қалалық және республикалық БАҚ өкілдері көгілдір шыршаның 16 көшетін отырғызды, ол қылқан жапырақты өсімдіктердің ең әдемісі болып саналады. Оның Отаны Солтүстік Америка болып табылады, бірақ көгілдір шырша әлемнің басқа жерлерінде де өсе алады, ең бастысы отырғызар кезде нақты ережелерді ұстану керек. Бұл жағынан жұмысшыларға Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының директоры Николай Зайцев көмектесті.
Бұлыңғыр салқын күнге және ұшқалақтаған қарға қарамастан акция көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, дәл осы уақытта және осындай ауа-райы кезінде қылқанды ағаштарды отырғызу қажет.
- Аллеяның қысқы мейрамдар қарсаңында құрылғаны өте маңызды. Осы сәтті пайдаланып, барлық қазақстандықтарды мейлінше көп ағаш отырғызуға және Жаңа жыл алдында шыршаларды кеспеуге шақырамын. Олар бізді баға жетпес табиғи сұлулығымен тамсандырсын! – деді Н. Зайцев.
ШҚО мұражай-қорығының баспасөз қызметі
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|