14 наурызда сағат 15.00-демұражай-қорықтың Қасым Қайсеновкөшесі, 67 мекенжай бойынша орналасқан ғимаратында «Наурыз әлемді шарлауда!» атты көрме ашылды, бұл көрме Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдени орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Наурыз мейрамы – көктемгі Жаңа жыл мерекесі жер бетіндегі ең көне мейрамдардың бірі болып табылады. Оның атауы парсы тілінен аударғанда «ноу» - жаңа және «роуз» - күн деген екі сөзден тұрады. Бұл мерекені ЮНЕСКО адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енгізген. 21 наурызды БҰҰ Бас Ассамблеясы Халықаралық Наурыз күні деп жариялап, ол наурыз айының 21-інен 22-сіне қараған түнде атап өтіледі. Бүгінде бұл күн Қазақстан жерінде тұрып жатқан барлық ұлттардың сүйікті мерекесіне айналып отыр.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|