27 сәуірде сағат 12.00-де музей-қорықтың Солжағалық кешенінде Чернобыль АЭС-ындағы апаттың 30 жылдығына арналған акция өтеді.
Бұл іс-шараға Чернобыль атом электр станциясындағы жарылыстың зардаптарын жоюшылардың қаза болғандарын еске алып, көзі тірілеріне қошемет көрсету үшін қала тұрғындары жиналады, сондай-ақ 1986 жылғы сол бір тауқыметті оқиғаға қатысқандардың өздері де келеді.
Апаттың зардаптарын жоюға аттанған 1 600 мың адамның ішінде 3 мың шығысқазақстандықтар да болған еді. ЕҚБ-ның, «Промсантехмонтаж», «Промэлектрмонтаж» басқармаларының, ҮМЗ-нің, таңдаулы қызметкерлері мен мамандары, 22 МСБ-нің, ШҚО-ның басқа да ұйымдарының медиктері, запастағы әскери қызметшілер қатысқан болатын.
Бүгінде ЧАЭС зардаптарын жоюға қатысқан 1500 өскемендіктен көзі тірі жүргендері 254 адам. Басқаларының өмірін «бейбіт» атом ерте алып кетті. Өкінішке орай қалғандарға да оңай болып жүрген жоқ: радиациялық сәуленің олардың денсаулығына тигізген әсері өмір бойына қалған.
Акция барысында «Ерлік мектебі: ШҚО-ның жоюшы-чернобыльшілері» атты жаңғыртылған экспозиция салтанатты түрде ашылады, сондай-ақ балалардың акция тақырыбына салған суреттері конкурсының қорытындысы шығарылады.
Сіздерді Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан жерлестерімізді еске алып, көзі тірілерінің ерліктеріне қошемет көрсетуге шақырамыз.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|