Балғарағай, самырсын, шырша, қарағай, шетен, қайың ағаштарының көшеттері музей-қорықтың ботаникалық бақ, балалар қалашығы, жағажай және «Жібек жолы» кешені аймағында тіркелді. Олар «Ағаш отырғыз!» акция барысында Солжағалық кешеннің жасыл тұқымдастар қатарын толтырды. Іс-шараның бастаушысы музей-қорық директоры Николай Зайцев болып шықты. Акцияға тек музей қызметкерлері қатысып, әрқайсысы 3 ағаштан отырғызды.
- Бұл акцияны Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қолдады. Осының арқасында біз екі мыңнан астам отырғызылатын материалдардың тамырларын тегін алдық.
Көшеттер жаңа технология бойынша Ресейде өндірілген гидрогель қолданылуымен отырғызылды. Бұл отырғызылған көшеттердің бейімделуін арттырып, ағаштардың одан әрі өсуіне жайлы жағдайларды қамтамасыз етеді, - дейді музей-қорықтың экологиялық ағарту бөлімінің меңгерушісі Ришат Адамов.
Тіпті күн райының бұзылуы акция қатысушыларына көшеттерді отырғызуға кедергі болмады. Күн бұлттар артына тығылып, аспаннан «ақ шыбындар» ұша бастады. Бірақ, тегін айтылмаған: «Істің басында жауған қар – игілікке!»
Музей-қорықтың баспа қызметі
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|