Халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің аға ғылыми қызметкері Р.Ч. Мухамеджанова және шебер Н.Л. Баженованың Өскемен қаласының сфералық қызмет көрсету колледжінің 2 курс студенттерімен кездесу ұйымдастырды.
Ең алдымен іс-шараның қатысушыларына «Күзгі калейдоскоп» көрмесі бойынша экскурсия жүргізіліп, кейін студенттер қоғадан өру бойынша шеберлік-дәріске қатысты. Шеберлік-дәріс барысында Наталья Леонидовна өз қолөнерінің бірнеше құпияларымен бөлісіп сәндік төсегіштердің өру әдісін көрсетіп, үйретті. Іс-шарада 20 қатысушы болды.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|