2016 жылғы 21 желтоқсанда ғылыми-ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің мамандары Өскемен қаласының кіші жастағы балалары үшін дәстүрлі жаңажылдық таңертеңгілік өткізді. Театрландырылған қойылым Қ. Қайсенов көшесіндегі көрме корпусының залында өтті. Таңертеңгілікке №4 орта мектептің оқушылары қатысты.
Қар Ханымы Жаңажылдық Түн Сиқыршысынан сиқырлы сағатының минуттық тілін тартып алып, Жаңа Жыл ешқашан басталмасын деп уақытты тоқтатып қойды. Қаршалар Ақшақарға шағымданады, бірақ Ақшақар Жаңажылдық Түн Сиқыршысымен балаларды мұңаймауға және көңілденіп би билеуге шақырады. Сол кезде Аяз Ата көмекке келіп, балаларға жоғалтып алған сағат тілін қайтарып береді. Балалар қуанып, таңертеңгіліктің кейіпкерлерімен ойын ойнап, шыршаны айналып ән салып, би билеп, Аяз Ата мен Ақшақарға тақпақтар оқиды. Таңертеңгілік жаңажылдық құттықтаулар мен сыйлықтар таратумен аяқталады.
Ақшақар Қар Ханымның қитұрқылығын біліп қояды
Шырша алдында көңіл көтеру
Сиқырлы сағат тілі табылды
Балалар Аяз Атаға тақпақтар айтып тұр
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|