7 ақпанда музей-қорықтың Қасым Қайсенов көшесі, 67 ғимаратында жерлестеріміздің сан түрлі әуесқойлықтарымен таныстыратын «Бәрі де өз қолыңда» атты коллекциялар көрмесі болып өтті. Көрмеде келушілер назарына әр түрлі техникалар мен жанрда жасалынған 200-ге тарта экспонат ұсынылды.
Ондағы ең үлкен бөлім кеме мен әскери техникаларға арналған. Сондай-ақ, ұшақтар мен өрт сөндіргіш машиналардың шағын үлгілеріне де молынан орын берілген.. Тым-тым кішірейтілген өлшемдеріне қарамастан, олар өздерінің негізгі прототиптері туралы нақпа-нақ ақпарат береді.. Жалпы, қазіргі кезде небір техникалардың кең көлемді үлгілерін жинастыру түрлі жастағы адамдар мен сан қилы мамандық иелерінің арасында кеңінен тарағанын айта кеткен жөн.
Көрмеге қойылған экспонаттар арасынан ондаған жылдар бұрын қолдан жасалынып, аңызға айналған Харлей Дэвидсон мотоциклінің үлгісін де кездестіруге болады. Оны мотоцикл иесі көрмеге құпия жағдайда ұсынып отыр.
Музей-қорықта алғаш рет лазерлік техникалардың күшімен жасалған фанерлер және зергерлік шайырдан жасалынған, ешқашан қайталанбайтын әшекей жұмыстар қойылды.
Ерекше болмысты экспозициялардың ашылу салтанатында коллекциялардың иелері өздеріне қойылған сан түрлі сауалдарға жауап қайтарды. Бір айта кетерлігі, ол жерден әркім өзіне ұнаған экспонатты сатып ала алады.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|