• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Өскемендегі зообақ тағы бір баспен толықты. 2017

Өскемендегі зообақ тағы бір баспен толықты. 2017

Өткен жылдың күзінде музей-қорықтың Солжағалық кешенінде теңбіл бұғылар төлдеп, көпшілікті қуантқан болатын. Сол үш қодықаның өмірге  келгеніне міне, алты айға жуықтады. Қазір олар өздерін әбден еркін сезінеді.  Десе де олар мұндағы қызықтаушылардан өздерін бөліп тұрған торға жақын барудан жасқанады.

 Ал осы кешенді мекен ететін қара понидың баласы өзгелерден еш шет қалғысы жоқ. Жарық дүниеге келгеніне бар-жоғы үш ай ғана болса да, ол өткен қарашаның қатты аязына шыдап кетті.

Бала деген тамаша ғой, алайда, нағыз дос табу одан бірде-бір кем болмаса керек.

Аталған мекенде бірнеше жылдан бері жалғыз жүретін Фили атты қызғылт қоқиғаз сондай дос тапқан-ды. Жалғыздықтан іші пыспасын деген мақсатпен ол құтанмен және үйректермен бірге бір вольерге орналастырылған болатын. Ақыр-соңында, Филидің тұқымдас-досы пайда болды. Жас, жүдеген қоқиқазды жұмсақ жүректі жандар Серебрянка ауданынан тауып алған екен.

 – Екінші қоқиғаз әлдеқайда жас болғанымен, екеуі бірден түсінісіп кетті. Тіпті, жаңадан келген қоқиғаздың тәбеті кереметтігі сондай, кей-кейде көршісінің табағына да көз тігетіні бар. Солай болса да үлкені оның мұндай қылығына ерекше мейірбандықпен қарайды, - дейді музей-қорықтың жануарлар әлемі бөлімінің меңгерушісі Зайнитдин Шәмшиев.

  Шынын айтқанда, бұл қоқиғаздың  еркек әлде ұрғашы екендігі әзірге белгісіз болып отыр. Ең бастысы, Филидің өмірі адам сенгісіз мәнге ие болып, қызықты бола түскендей.

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген баспасөз қызметі.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …