2017 жылдың 20 мамыр күні сағат 11.00-де Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының Комсомол аралында орналасқан жастардың экологиялық кешенінде «Бірінші ұшу-2017» атты батпырауықтар фестивалі өтеді.
Азия елдерінде мұндай фестивальдар өткізу дәстүрге айналған. Жалпы, батпырауық ұшыру әуелде ежелгі Қытайда пайда болғанымен, кейін бүкіл әлемге тарап кетті.
Шараға қала мектептерінің батпырауық жасай алатын оқушылары ғана қатыспайды. Ниет еткен адамдардың барлығы да фестивальға қонақ бола алады.
Фестиваль аясында конкурстық бағдарламалар, көркемөнерпаз әртістер мен авиамодельшілердің өнері көрсетілмек.
Егер үйіңізде батпырауық бар болса аталған шараға қатысып, оның ұшу қабылетін көрсетіңіз! Мерекеде алдыңғы орыннан көрінгендерді арнайы марапаттар күтуде. Біз оқушыларды ғана емес, олардың ата-аналарын да асыға күтеміз.
Фестиваль өтетін жерге ат басын тіреген қалалықтар өздерімен ой бөлісе алатын пікірлестер тауып, өзара тәжірибе алмасады және келесі жылы бұдан да жақсы шара өткізуге негіз болатын шығармашылық ойларын ортаға сала алады.
Ең бастысы, оған кез келген санатты және әртүрлі батпырауықтарды әкелуге болады.
«Бірінші ұшу-2017» атты батпырауықтар фестивалін тамашалап, ерекше әсер мен шабытқа ие болыңыз.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|