2017 жылғы 12 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде (Астана қаласы) «Музей қызметін инновациялывқ дамыту мен ақпараттандырудың өзекті мәселелері» атты Республикалық Форум өтті. Форумның пленарлық отырысына республикалық, облыстық, қалалық және аудандық музейлердің басшылары, ғылыми мамандары, қор жинау, есепке алу және сақтау жөніндегі мамандар, музей қызметі саласындағы басқа да мамандар қатысты.
Секциялық жұмыс барысында негізгі үш бағыт бойынша мәселелер шешімі қарастырылды.
Музей қорын комплектілеу және қалыптастыру, музейлік маңызы бар бұйымдарды қорға сатып алу процедурасы, мәдени құндылықтарды есепке алу және сақтау мәселелеріне арналған бірінші секцияда АЭТ бөлімінің ғылыми қызметкері Е.Ю. Рахматулина «Музей-қорықтың ғылыми-қор жұмысына ақпараттық қолдау жасаудың ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады. Секция жұмысының қорытындысы бойынша қатысушы сертификаты тапсырылды.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|