• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Астана күніне арналған жәрмеңке. 2017

Астана күніне арналған жәрмеңке. 2017

Фото Сергея Сурова - Ярмарка в честь Дня АстаныФото Сергея Сурова - Ярмарка в честь Дня Астаны

Астана күніне орай 6 шілдеде Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорықтың «Жастар» этнобағында Шығыстың сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтті. 

Өскемен, Семей қалаларынан және Ұлан ауданынан келген 20-дан астам шебер қолдан жасалған эксклюзивті бұйымдарды ұсынды: саз балшықтан жасалған кішкентай ысқырғыштардан бастап қазақ ою-өрнектері салынған жастықтарға дейін. Сонымен қатар, ағаштан, қайың қабығынан, шытыра моншақтан, киізден жасалған бұйымдар да ұсынылды.

– ЭКСПО-2017 қарсаңында жәрмеңкелерді жиі өткізуге тырысамыз, - дейді музей-қорықтың сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің меңгерушісі және ШҚО қолөнершілер ресурстық орталығының үйлестірушісі Раиса Мұхамеджанова.

– Конкурстың мұқият іріктеу нәтижелері бойынша Халықаралық көрмеге біздің облыстың Өскемен және Семей қалаларынан, Катонқарағай және Ұлан аудандарынан 20 сәндік-қолданбалы өнер шебері барады. Қазіргі уақытта қолөнершілер Астанаға баруға дайындалуда, сол себептен, ЭКСПО қатысушылары бүгінгі жәрмеңкеге толықтай қатыспады. Біздің аймақ ЭКСПО көрмесінде заманауи киіз басу, тері- және ши тоқу, ағаш ою бұйымдарын ұсынады.

Фото Сергея Сурова - Ярмарка в честь Дня АстаныФото Сергея Сурова - Ярмарка в честь Дня Астаны

Орталық үйлестірушінің айтуынша, қолөнершілер Астанада шебер-дәрістер өткізеді. Мысалы, Катонқарағай ауданының Еңбек ауылының шебері Гүлнар Қожамжарова алаша басу бойынша қазақ кілем тоқу құпияларымен бөліседі.

Ұлан ауданының Гагарино ауылының шебері Сайлан Мұқаметбек киізден жасалған кәдесыйларды, қазақ ою-өрнектері салынған жастықтарды, ши тоқу техникасында жасалған кілемдерді ұсынады. Осы бұйымдардың көбін осы жәрмеңкеге әкелді. Қала тұрғындар арасында, олар үлкен қызығушылық тудырды.    

 Семей қаласынан келген қолөнершілер Наталья мен Михаил Жуковтар Астанаға саз балшықтан жасалған түрлі кәдесыйлар апарады. «Жастар» этнобағында өткен жәрмеңкеде, олар түрлі ысқырғыштар, жинақ сандықшалар, шамдалдар, гүлсауыттар, кішкентай мүсіншелер, кәдесыйлар ұсынды. Наталья мен Михаил Жуковтар Семей қаласындағы сурет-графикалық факультетін тәмамдаған. Қазіргі кезде олар «Терракотовый след» студиясында саз балшықтан мүсіндеу сабақтарын береді, балалармен бірге ермексаз мультфильмдерін түсіреді. Олардың бірі - «Случай в галактике» деген мультфильмді Интернет парақтарында көруге болады. Сонымен қатар, студияда қыш-құмыра кәсіпшілігі де ұйымдастырылған. Михаил өзі электр қыш-құмыра шеңберін қолдан жасап шығарды.      

Фото Сергея Сурова - Ярмарка в честь Дня АстаныФото Сергея Сурова - Ярмарка в честь Дня Астаны

Өскемен қаласының шебері Владимир Ляпунов жәрмеңкеде дәстүрлі алтай ою-өрнектері мен нақыштар түрлерін ұсынды. Әшекейленген ыдыстар арасында: қымыз жиынтығы, қасықтар, балалар машиналары.   

Лазерлік кесу жөніндегі шебер Елена Иванованың бұйымдарын өскемендіктер бұрыннан бері ұнатқан еді. Олардың ішінде: ойып өрнектелген қобдишалар, қобдилар, кілтші үйшіктер, үкілер, жинақ сандықшалар, тоңазытқышқа жабыстыратын магниткалар. Оюшы, ағаш бұйымдарын зор сүйіспеншілікпен жасайды. Ағаштар жасалған заттар үйдің көркін келтіріп, адам қолының жылуын сақтайды, ою-өрнектелген қобшишалар әр бөлменің сәнін ашады.    

Уақытын аямай, жәрмеңкеге келген адамдар түрлі қызық бұйымдарды көріп, нағыз ләззат алып қайтты.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Сергей Суровтың фотосы.

Фото Сергея Сурова - Ярмарка в честь Дня АстаныФото Сергея Сурова - Ярмарка в честь Дня Астаны

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …