• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Жұлдыздар «аққан» түн. 2017

Жұлдыздар «аққан» түн. 2017

фото Алексея Мазницына - В древнем святилище Ак бауырфото Алексея Мазницына - В древнем святилище Ак бауыр

Тамыздың 12-сінен 13-іне қараған түні Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығына қарасты ежелгі Ақбауыр ғибадатханасында астрономияны танып-білуге құштар өскемендіктер үшін алғаш рет «Алыс әлем шақырулары» атты астрономиялық экспедиция жасалды.

Белгілі болғанындай, жексенбіге қараған түні Персидтердің жоғары метеорлық шоғырлануы орын алды. Біздің саяхатшылар діттеген жерге түс ауа, аздап кешігіп жетті. Экспедицияны ұйымдастырушылар Қоржынбай тауының етегіне шатырлар тігіп жатқанда Ақбауыр кешенінің меңгерушісі Галина Петенева қонақтарға осы маңдағы қызықты археологиялық ескерткіштер – ертедегі адамдар түрлі салттар  өткізіп, астрономиялық нысандарды бақылаған ежелгі ғибадатхана жайлы татымды әңгімелеп берді. Топ мүшелері б. д. д. V-III мың жыл бұрын бояумен түрлі суреттер салынған үңгірлерді көрді. Ескерткішті аралап көрген соң олар Сорокин тауының басына шығып, үңгірдің үстіне жиналып, алыс қашықтықта суретке түсті. Ал рәсім өткізіліп келген алаңда өлкетанушы Николай Топольняк көктем мен күздегі күн мен түннің теңесуін және жаз бен қыстағы күннің тоқырауын дәл болжап, анықтайтын нүктені жарықшақтар мен тереңге бой ұрған жартастар арқылы бақылайтын қарапайым шоқылардың қалай пайдаланылғанын сөз етті.

Сөз орайы келгенде айта кеткен жөн, бұл күні ауа райы да таң атқаннан сан құбылып, суық жел мен түнек Ақбауырды аралауға өзіндік кедергі келтірді. Дегенмен, кеш қарая бастаған тұста шарбы бұлттар алыс көкжиектен әрі асып, күн көрінген. Табиғаттың бұлайша әдеміленуі суретке түсірушілердің осынау қайталанбас пейзажды «ұстап қалуына» үлкен мүмкіндік тудырды. Түнге қарай далалы аймақты салқын ауа жайлаған.  Сол екі  арада орталық алаңда телескоп арқылы аспанның астрономиялық нысандарын бақылау бойынша, жұлдызды аспан, астрография және «фризлайт» қалыбында (жарықпен сурет салу) бойынша қызықты сабақтар өтіп жатты.

фото Алексея Мазницына - В древнем святилище Ак бауырфото Алексея Мазницына - В древнем святилище Ак бауыр

Әбден қараңғылық басқан түнгі 9-дар шамасында аспан көгінде жұлдыздар бірінен соң бірі «жана» бастады. Алдымен оңтүстік-батыста күн жүйесінің ең үлкен ғаламшары – Юпитер пайда болды. Арада 40 минут өткенде іс-шараға қатысушылар ең әдемі ғаламшар – Сатурнды қызықтады. Ерекше жарқырап тұрған жұлдыздарды былай да анық көруге, сондай-ақ, телескоппен де ап-анық байқауға болатын еді. Одан әрі қарай зодикалды шоқжұлдыздарды, тұманды аспан төрін, Құс жолы галактикасын, Андромедті және басқаларды бақылауға мүмкіндік туған.  Әрине, олардың барлығынан да жылдың ең сұлу Персеид шоқжұлдызының ағуы ерекше әдемі әрі таңғажайып көрініс болды. Айта кетсек, метеорларды 5-6 тамыздан кейін-ақ, Персеид шоғырының белсенділігі өте биікте болған кезде де қызықтауға мүмкіндік мол еді.  Бірақ оның биылғы барынша шарықтауы тура тамыздың 12-нен 13-іне қараған түні орын алды. Түнгі аспан ешқандай дыбыс шығармайтын ұшқыр метеориттерді жарқырата түскен. Дәл сол тұста астрологиялық турға қатысушылар аққан жұлдызға қарап, арман-тілектерін жолдады. Астрологтардың айтуына қарағанда, метеорлардың саны таңға жуық көбейетін көрінеді. Алайда, оны бақылауға Айдың тым ерте тууы мен таңның ерте атуы кедергі жасады. Десе де, бұл түні мүлде кірпік айқастырмағандар Қоржынбай тауының солтүстік-шығысындағы беткейінен, таңғы шапақ арасынан жарқырай түскен Венера ғаламшарын көріп, көзайым болды.

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Алексей Мазницын.

фото Алексея Мазницына - В древнем святилище Ак бауырфото Алексея Мазницына - В древнем святилище Ак бауырфото Алексея Мазницына - В древнем святилище Ак бауырфото Алексея Мазницына - В древнем святилище Ак бауыр

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …