2017 жылғы 28 тамыз күні 11.00 сағатта музей -қорықтың ақпараттық білім бөлімінің мамандары «Қазақстан Республикасының Конститиуциясы. Біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз» атты виртуалды экскурсия-лекция өткізді. Іс-шараға Ахмер ауылында орналасқан Шығыс Қазақстан облыстық білім беру басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орта буын оқушылары қатысты.
Экскурсия-лекция барысында балалар Конституция ұғымымен танысып, қоғамдағы мемлекеттің негізгі заңының қандай маңызды рөл атқаратындығын анықтады. Оқушылармен бірге республикамыздың азаматтарына бекітілген негізгі құқықтар мен міндеттерді талқыладық. «Мен Конституция туралы не білем» және «Мен және менің құқығым» атты викториналық ойын өткізілді.
Суретті түсірген Алексей Мазницын
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|