2017 жылдың 3 қазаны күні облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының көрме залында егде адамдар күніне орай Өскемен қалалық әкімдігіне қарасты «Үлбі» әлеуметтік қамту орталығының қызметін пайдаланатын адамдар үшін қайырымдылық іс-шарасы өткізілді. Оған жиналғандар «ШҚО-ның сәндік-қолданбалы өнер шеберлері» атты экспозиция бойынша жасалған экскурсияны тамашалап, аталған тақырып барысында білімдерін жетілдірді және өздерін қызықтырған сұрақтарға нақты жауаптар алды. Экскурсияны халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің қызметкері М.А. Бемм ұйымдастырып, жүргізді.
Келушілер «ШҚО-ның сәндік-қолданбалы өнер шеберлері» атты көрме бойынша жүргізілген экскурсияны тыңдап, тамашалауда.
Посетители слушают экскурсию по выставке «Декоративно-
прикладное искусство ВКО».
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|