1993 жылдан бастапҚазақстандаҰлттық валюта күні атап өтілуде. Айналымға теңге енгізілгеннен бері біздің еліміз нақты тәуелсіздікке – экономикалық және қаржылай тәуелсіздікке ие болды. Теңге –Гимнмен, Тумен және Елтаңбамен қатар ел символына айналды.
Ең басында қағаз теңгелер мен тиындар шығарылған болатын. 1994 жылықағаз тиындарметалл монеталармен ауыстырылды.
Қазақстанның тарихи және мәдени мұраларын кеңінен танымал ету мақсатында 1995 жылдан бастап мерейтойлық және естеліктік монеталар шығарылуда. Оларғамәдени-ағартушылық және коллекциялық мән берілген.
Ұлттық валютаның енгізілуі өзіміздің ұлттық экономикамыздың өркендеуіне бастау болып табылды, әрі республикамызда және одан тыс жерлерде нарықтық қатынастарды қалыптастырудың маңызды тетігіне айналды.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|