• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Қазақ халқының әдет-ғұрыптары. 2018

Қазақ халқының әдет-ғұрыптары. 2018

«Рухани жангыру»«Рухани жангыру»

Музей-қорықта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың сәби дүниеге келгенде жасайтын әдет-ғұрыптары көрсетілді.

Облыстық музей-қорықтың қазақ этнографиясы бөлімі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы жастарға ата-бабаларының салт-дәстүрін ұмытпауға мүмкіндік береді. «Біздің міндетіміз – аталған салт-дәстүрді сақтау, өйткені, оларда бала тәрбиесінің  бастауы жатыр», - дейді бөлімнің ғылыми қызметкері Алмагүл Кенжина. Сөйтіп, музей-қорық залдарының біріндегі қазақтың киіз үйінде сәбиді бесікке бөлеу «Бесікке салу» және сәбидің жолын ашу – «Тұсаукесер» рәсімдері көрсетілді.  

Қазақ халқында бесік жаңа туған сәбидің  алтын ұясы, ал «Бесікке салу» ең бір елеулі және құрметті дәстүр болып саналады. Ол бала өте кішкентай кезде, атап айтқанда, қырқынан шықпай тұрып жасалады. Ал жолын ашу, яғни, тұсауын кесу рәсімін ол жылдам жүріп кету үшін жасайды. Әдетте, бұл рәсім бала бір жасқа келгенде жасалады. Ата-бабалар оны баланың болашағы жарқын болып, ешқашан сүрінбей жүрсін деген тілек-ниетпен атқарған.

- Біздің халқымызда баланың өмірге келуі – ең бір елеулі оқиғаның бірі, - дейді қазақ этнографиясы бөлімінің аға ғылыми қызметкері Ләйлә Асылова. – Соған орай бірқатар мереке-думан жасалып, оған әулеттің қадірлі де құрметті адамдарын шақырған.

Өскемен қалалық №1 ӨӨБК-ге қарасты «Қазына» ансамблінің өкілдері Нұржамал Абдуллина, Қазипа Қабышева және басқалар музей қызметкерлеріне аталған дәстүрлерді жүзеге асыруға көмектесті. Онда қолданылған бесік және басқа заттар музей қорынан алынды. Айтөре Жақсылықұлы  бесікке бөленсе, Мансұр Мирболатұлының тұсауы кесілді.

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

Суретті түсірген Сергей Суров

 

 
 
 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …