2018 жылдың 27 ақпаны күні сағат 15 пен 17 аралығында ШҚО халқының Достық үйінде мәдениет және БАҚ өкілдері «Азаматтарды қазақстандық қоғамды бірегей рухани және адамгершілік құндылықтарға тартуға бағыттай отырып, орыс мәдениетін, тілін және ұлттық салт-дәстүрін сақтау» атты дөңгелек үстел отырысын өткізді.
Халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің қызметкерлері (В.Черкашина мен Р.Мұхамеджанова) орыс қолөнерінен жасалған бұйымдардың көрмесін ұйымдастырды. Онда тоз қораптар, ағаш бездері, өрнек салынған сауыттар, ойып жасалған кәдесыйлар, қоға мен шпоннан жасалған себеттер, киіз панно мен қайың қабығынан тұратын картиналар қойылды.
Музейлердің, кітапханалар мен өнер колледжінің өкілдері мәдениет саласындағы кейбір көкейкесті мәселелер жайлы сөз қозғады.
Музей-қорық атынан сөз алған В. Черкашина (бөлімнің аға ғылыми қызметкері) облыста қолданылып жүрген орыс қолөнер кәсіпшілігі жайлы әңгімеледі.
Р.Мұхамеджанова (бөлім меңгерушісі) қолөнершілік іс-шаралар мен қолөнершілердің алдында тұрған мәселелер жайлы, сондай-ақ, алға қойған міндеттер, жоғарыдағы басшылықтың ықпал етуі мен қолдау көрсетуі жайлы сөз саптады.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|