• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Экология мәселелеріне бағытталған жаңа қадамдар. 2018

Экология мәселелеріне бағытталған жаңа қадамдар. 2018

Рухани жанғыру

Музей-қорықтың экологиялық ағарту бөлімінің қызметкерлері өткізіп келе жатқан әңгімелер мен лекциялардың басым бағыттары Шығыс Қазақстанның табиғат жағдайларының ерекшеліктері мен Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлар тақырыптарынан тұрады.

 Сектор облысымыздың экологиясына қатысты мәселелерге жаңа қадам жасауды жаңғыртумен айналысады. Соған орай аталған шаруа оң шешім табуы үшін оған барлық жастағы адамдарды тартады. Сектор қызметкерлері мектептер мен колледждерге және жоғары оқу орындарына барып, оларды Головков көшесіндегі виртуалды музейге шақырады. Ал көктем мен жаз айларында экологиялық экспозиция орын тепкен Солжағалық кешеннің үлкен  павильонында және музей-қорық бақтарында – тұп-тура табиғат аясында өңіріміздің фаунасы мен флорасы туралы қызықты әңгімелер өткізіледі.

Сектор меңгерушісі Ришат Жомартұлы Адамовтың сөзіне қарағанда, олардың қызмет аясына табиғаттың биологиялық әртүрлілік жақтарын зерттеу жұмыстарына қатысты мәселелер, фауна мен флораның тектік қорын сақтау, сондай-ақ, өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі көп дүниенің сан жағынан таралу себептерін анықтау және тұтас ландшафттық биокешендерді зерттеу кіреді. Музей-қорыққа келушілерге ұсынылатын лекциялар қатарында «Абайдың экологиялық жолы» да бар.

- Бұл Ұлы даланың табиғаты туралы әңгімелер, – дейді музей-қорықтың жетекші маманы, орнитолог Борис Васильевич Щербаков, - десе де  тарихи оқиғаларды ұлы Абайдың мекені – Жидебайға бастайтын бағыт пен  қасиетті орындарды көрсете отырып сипаттау қажет болады.

Абай жолдарын әйгілеуге Б. Щербаковтың «Жидебайдың жұлдызды даласы» атты жаңа кітабы да негіз бола алады. «Восток-Печать» баспасынан жарық көрген ол кітап кітапханаларға, оның ішінде мектеп кітапханаларына да таратылған. Борис Щербаков өзі толыққанды қатысушысы болып табылатын «Рухани керуен» атты облыстық акция кезінде де өлкеміздің табиғаты жайлы кеңінен әңгімелеп келеді.

 Музей-қорық жоспарында қалалар мен аудандарда білім беру саласының қызметкерлерімен және кітапханашылармен семинарлар өткізу де бар. Мұндай жұмыстар жалпы жұртшылықтың экологиялық мәселелерге деген қызығушылығын  арттырып, экологиялық ағарту бөлімінің аталған бағыттағы қызметін жақсарта түсуіне себебін тигізбек. Қазір сектор қызметкерлері Құстар күніне дайындалу үстінде. Бұл күні Солжағалық кешеннің орман-бақты аумағында қолдан жасанды ұялар салу көзделуде.

 

          Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

          Суретті түсірген Алексей Мазницын.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …