2018 жылғы 4 мамырда А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтың туғанына 100 жыл толуына орай іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шара ұйымдастырушыларының шақыруы бойынша сирек кітаптар және икона жазу бөлімінің қызметкерлері Кашаку Гүлжан және Карчалова Әсел «Қасым Қайсенов (1918-2006). Өмірі және шығармашылығы (музей-қорықтың қор топтамасы негізінде)» атты жылжымалы көрмемен қатысты.
Іс-шара барысында музей қызметкерлері партизан-жазушы Қасым Қайсеновтың өмірі мен шығармашылығы жайында лекциялар оқылды.
Іс-шараның соңында алғыс хаттар берілді.