2018 жылғы 12 мамырда музей-қорықтың Солжағалық кешеніндегі «Жібек жолы» экспозициясының Император сарайында жаңа музей залы мен «Заманауи Қытай мәдениеті» атты фотосуреттер көрмесі ашылады.
Қытай – бейне бір күндер ағысы, заманалар ауысымы, жаңа мен ескі алмасып жатқан өрнекке ұқсайтын алып айна іспетті. Ал Қытай суретшілері болса, нақ осындай құбылыстардың барлығын өз еңбектері арқылы жеткізуге тырысады. Ол – Қытайдың мәдени өмірінде болып жатқан сан түрлі оқиғаларды, елдің өзгелерден бөлектеу ғимараттары мен пейзаждарын суреттер арқылы «сөйлеткен» авторлық жұмыстар.
Жаңа музей залы мен көрменің ашылуы музей-қорықтың жыл сайын экспозицияларды жаңалап отыратын дәстүрін жалғастырып, қала тұрғындары мен қонақтарын Солжағалық кешенге тартып тұрады. Көрме орналасқан музей залы Қытайға тән гүлдермен, атап айтқанда, қызыл және сары гүлдермен көркемделген. Жалпы, сіздер аталған іс-шараға қатыссаңыздар қытайлардың күнделікті өмірінің гүлмен қаншалықты сабақтасып жататынынан көбірек хабардар боласыздар.
Ашылу салтанатының барысында У-ШУ спорт клубына қатысушылар мен қытай билерін орындаушылар өнер көрсетеді.
Жаңа музей залы мен «Заманауи Қытай мәдениеті» атты фотокөрме 12 мамырда, сағат 14.00-де Солжағалық кешендегі «Жібек жолы» экспозициясының Император сарайында ашылады. «Заманауи Қытай мәдениеті» фотокөрмесі жаз бойы жұмыс істейді.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|