Музей-қорық қызметкерлері Астана күні мерекесін тамашалауға келген әр жастағы адамдарға ол әрі қызықты, әрі танымдық болуы үшін атсалысты. Солжағалық кешенде көптеген ойын көрсетілді, сондай-ақ, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты «Ертіс концерт» КМҚК-ның мерекелік бағдарламасы ұсынылды.
Әдіскер Ольга Савельева мен музей қызметкері Надежда Глушкова балалардың көрме-ойын кешенінде оған келушілер үшін «Даңқты Сұлтанда қонақта болғанда» атты театрландырылған қойылым әзірледі. Мерекеде Астана жайлы жазылған әндер орындалды. Балалар да, үлкендер де ойындар мен музыкалық викториналарға қатысып, би биледі, отбасылық альбомдарда сақтау үшін шахзаданың және үнді елшісінің киімдерін киген музей қызметкерлерімен бірге суретке түсті. Іс-шара барысында аталған викториналарда көрсетілген музыкалық аспап жайлы әңгімелеп беру қажет болды. Ал олар домбыра, сырнай, саксафон, кларнет және музей-қорық қорынан, сондай-ақ, қойылымды ұйымдастырушылардың жеке топтамаларынан алынған басқа да аспаптар еді.
Балалар қалашығындағы мерекеге тек облыс орталығының ғана емес, Риддер, Зырян қалаларының, сондай-ақ, Ресейдің отбасылары қатысты. Әкелер мен аналар балаларымен бірге би биледі, көмбе атты, викторина сұрақтарына жауап берді. Олардың талпыныстары арнайы сыйлықтармен аталып өтілді. Мерекеге қатысушылар бір ғана нәрсеге, оның тым жылдам өткеніне өкініштерін білдірді.
- Біз мерекенің отбасылық болуын және оған барлық адам атсалысуын қадағаладық, - дейді Ольга Михайловна Савельева. – Ал балалар мен олардың ата-аналары үшін оның тым жылдам өтуі біздің жұмысымызға берілген үлкен баға деп білеміз.
Астана күнін мерекелеу Солжағалық кешеннің орталық сахнасында жалғасын тапты. Онда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Ертіс концерт» КМҚК концерт қойды. Бағдарлама шымылдығын Шалқар Рысхановтың басқаруындағы домбырашылар ансамблі түрді. Концертке республикалық конкурстардың лауреаттары Нұргүл Қабдоллаева, Айжан Рахымбекова және жас орындаушылар Жібек Бейсенғалиева мен Боранбай Қалибаев, сондай-ақ, «Найман» вокалдық тобы қатысты. Солжағалық кешенге келушілердің пікірінше, Астана күні мерекесі олардың жадында ерекше есте қаларлық оқиғалардың бірі болып сақталып қалмақ.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Сергей Суров.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|