29 қыркүйекте музей-қорық шығыс жекпе-жектері күнін өткізеді. Бұл Ұлы жібек жолы бойын мекендеген және әлемге күрестің сан түрлерін сыйлаған халықтардың дәстүрлерін жалғастыру болмақ. Олардың арасында – Қытайдан бізге жеткен у-шу мен каратэ, Үндістаннан келген – кушти, ұлттық қазақ күресі және басқа да көптеген түрлері бар.
Іс-шараны ұйымдастырушы, ШҚО халықтары мен азсанды этнотоптар этнографиясы бөлімінің этнологы Станислав Цукуренконың пікірі бойынша іс-шара өткізудегі мақсат – шығыс жекпе-жектерін адамның үйлесімді даму жүйесі ретінде танымал ету және жастарды салауатты өмір салтына тарту болып табылады.
Мерекеге облыстық «Реал-Восток» айкидо орталығының (жетекшісі Леонид Эйкас) өкілдері қатысады, жекпе-жектер бойынша балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерві облыстық спорт мектебінің дзюдо бойынша жаттықтырушысы Дамир Байгелдиновтің шәкірттері өнер көрсетеді деп күтілуде. Жекпе-жектер сарайының жаттықтырушысы Қайдар Қабышевтің шәкірттері мен Александр Медведев мектебінің өкілдері таэквондо мен киокушинкай каратэ бойынша өз өнерлерімен таныстырады. Ал Қазақ күресі жөніндегі федерацияның балуандары қазақ күресінің ерекшеліктерін көрермендер назарына ұсынбақ.
Шығыс жекпе-жектері күні музей-қорықтың Солжағалық кешенінің аумағындағы Жазғы Үлкен сахнада сағат 11.00-де басталады.
Мұражай-қорықтың баспасөз қызметі
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|