Музей-қорықтың ШҚО халықтары мен азсанды этнотоптарының этнографиясы бөлімі Солжағалық кешеннің Үлкен сахнасында Шығыс жекпежектері күнін өткізді.
Ұлы Жібек жолының бойын және оған таяу жерді мекендеген халықтар әлемге жекпежектердің сан түрлерін сыйлаған болатын, солардың бірқатары біздің қаламызда назарға ұсынылды. Жаттықтырушылар мен олардың шәкірттері шығыс жекпежектері күні кезінде өз өнерлерін көрсеткен болатын.
Мерекені облыстық «Реал –Восток» айкидо орталығының жаттықтырушылары Аслан Күшібаев пен Айдын Омаров және олардың шәкірттері ашты. Орталық жетекшісі, Интернационалдық Айкидо Академиясының (IAA) Қазақстан Республикасы бойынша бас-нұсқаушысы Леонид Эйсак жауынгерлік семсер – катанамен өнер көрсетті. Облыстық жекпежектер сарайының жаттықтырушысы Қайдар Қабышевтің шәкірттері таэквондодан өнер көрсетіп, білгендерімен бөлісті. Сондай-ақ Александр Медведевтің киокушинкай каратэ бойынша мектебінің өкілдері ортаға шақырылды (жаттықтырушылары Вадим Шамшин мен Станислав Гирин). Мерекеге қалалық «Лотос» клубының спортшылары да қатысып, каратэ-до мәнерінде өнер көрсетті (жаттықтырушысы Николай Назыров). Көрермендер облыстық спорттық және дәстүрлі ушу федерациясының жаттықтырушылары Наталья Худякова мен Яна Федорованың оқушыларының өнерлерін де тамашалады. Ең соңында тайцзицюань бойынша өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Александр Александров өз өнерін көпшілікке паш етті.
Өнер көрсетуге қатысқандарға музей-қорық әкімшілігінің алғыс хаттары тапсырылды. Іс-шараны ұйымдастырушы Станислав Цукуренконың айтуынша шығыс жекпежектері күнін өткізудің өзі жастардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруға және адам әлеуетінің мүмкіндіктері туралы жаңа біліммен қанығуға ықпал етеді.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
Фотосуреттер Сергей Суров пен Алексей Мазницындікі
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|