18 қазанда Қазақстанда Рухани келісім күні атап өтілді. Бұл дәстүр 1992 жылдың қазанында Алматыда өткен Бүкілдүниежүзілік Рухани Келісім конгресінен бастау алған болатын. Оған қатысушылар қабылдаған манифесте 18 қазанды Рухани келісім күні — адамдар арасында өзара түсіністік пен қайырымдылық орнататын ұлтаралық күн деп жариялауды ұсынды.
Қоғамдық келісім орталығы – Облыстық Достық Үйінде облыстық діни бірлестіктердің басшыларымен болған кездесу Рухани келісім күні аясында өтті. Қатысушылар іс-шара басталғанға дейін «Шығыс Қазақстан діндері» атты көрмені тамашалады, онда музей-қорықтың сирек кітаптар және иконажазу бөлімінің қызметкерлері ХVІІ – ХХІ ғасырлардағы Қасиетті Кітаптар мен ғибадаттық заттарды назарға ұсынған еді. Олардың арасында – ХІХ ғасыр соңы - ХХІ ғасыр басында араб, француз тілдерінде шыққан Құран кітаптар болды. Көрме көрермендері 1909 жылы шыққан металл окладтағы, түрлі-түсті қалқалы эмальды Інжілді де қызықтады. Сонымен қатар музей қорынан алынған XVII ғасырдың бірінші жартысындағы ескібаспалы Інжіл, ХІХ ғасырдағы қолжазба псалтирь, сондай-ақ ескідәстүршілдердің лестовкалары (таспиқтар) назарға ұсынылды. Экспозицияға ХІХ ғасырдың екінші жартысының екі иконасы – Асаәулие «Смоленская» Құдайана мен Николай Чудотворецтің бейнелері көрмеге сән беріп тұрды. Екі икона да Мәскеуде қайта қалпына келтірілген болатын.
Экспозицияны ұйымдастырушылар – сирек кітаптар және иконажазу бөлімінің меңгерушісі Гүлжан Кашакуқызы мен бөлім қызметкерлері келушілер үшін экскурсия жүргізді. «Біздер, қазақстандықтар үшін бүгін ерекше мереке, - деді ШҚО Қазақстан халқы ассамблеясы секретариатының меңгерушісі Асқар Нұрғазиев өзінің берген сұхбатында. - Біздің еліміз полиэтникалық, көпконфессиялы болып табылады. Бейбітшілік пен келісім – бұлар біздің ортақ үйіміздегі берекені, тыныштықты, жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ететін қос қанат. Рухани келісім күні – жалпыадамзаттық құндылықтарды: өзара құрметтеуді, махаббатты, төзімділікті, қайырымдылықты және тағы басқа құндылықтарды ардақтайтын барлық адамдарды біріктіреді. Адам осы принциптерді әрдайым басшылыққа алуы тиіс деп түсінемін. Дегенмен бұл күннің ерекшелігі мынада: адамдар айналамыздағы әлемнін нәзік екендігін, оны сақтай жүріп, күнделікті әрі жалықпай нығайту керек екендігін тағы да ой елегінен өткізетін күн».
Қорда ұқыптылықпен сақталып жатқан музейлік жәдігерлер мәңгілік ақиқаттың құндылықтарын сезінуге мүмкіндік береді. «Тарихи құжаттарды, Құран Кітаптарды, иконаларды, көне кітаптарды өз көзіңмен көріп, олармен біраз ғасырлар бұрын адамдардың жұмыс істегенін көз алдыға келтірсең ерекше эмоциялық әсерге бөленесің, - деді Достық Үйінің директоры Эльдар Төлеубеков көрмеден алған әсерімен бөліскенде. – Көрменің арқасында біз тарих қойнауына үңілдік».
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
Фотосуретті түсірген Алексей Мазницын
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|