2018 жылғы 27-30 қарашада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін мерекелеу шеңберінде музей-қорықтыңақпараттық-білім беру бөлімінің мамандары «Менің елімнің Президенті» атты іс-шара өткізді.
Іс-шараға Өскемен қаласының №39 және №26 мектептерінің оқушылары, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Туризм» мамандығының бірінші курс студенттері қатысты. 30 қарашада № 5518 әскери бөлімінде әскери қызметшілер мен офицерлерге арналған іс-шара өткізілді.
Қатысушыларға «Менің елімнің Президенті» тақырыбында дәріс оқылып, Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаянымен, Қазақстан Республикасының Президенті болу жолындағы қызметімен танысты. Ұсынылған деректерден Н.Ә. Назарбаевтың біздің еліміздің болашағы үшін, сондай-ақ оның алдына қойылған мақсаттарға жету үшін қабылдап жатқан қадамдары көрсетілді.
Материалдарды көрсету барысында Н.А. Назарбаетың фотосуреті пайдаланылып, «Хабар» телеканалы түсірген «Мемлекет басшысы» атты бейнефильмнің үзіндісі көрсетіледі.
5518 әскери бөлімдегі ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған кездесу- іс-шараны сирек кітаптар және иконажазу бөлімі әзірлеген «Музей-қорықты жинақтаудағы Тұңғыш Президент музейінің сыйы» атты көшпелі көрме толықтырды. Көрмеде Н.Ә. Назарбаевтың кітаптары, жазушылар Қасым Қайсенов пен Әзілхан Нұршайықовтың Тұңғыш Президент музейінен табыс етілген фотосуреттері, құжаттары, кітаптары мен мемориалдық бұйымдары қойылды.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Сергей Суров
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|