2018 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күні қарсаңында музей-қорықтың ақпараттық-білім беру бөлімі «Тарих беттерін парақтағанда» іс-шарасын өткізді. Аталған іс-шараға Өскемен қаласының №26 орта мектебінің оқушылары қатысты (25 адам шамасында).
Қатысушыларғатарихи тұлғалардың (Керей мен Жәнібек және т.б.) әрекеті арқылы қазақ мемлектінің құрылу тарихын баяндайтын «Өткен күндер тарихына шолу» атты дәріс оқылды. Елдің тәуелсіздік үшін күресі көрсетілді. «Отан-жүрекке жақын» викторинасы жүргізілді.
Материалмен таныстыру барысында Қасымхан, Абылай хан, ұлт зиялыларының тәуелсіздік жолындағы қызметі туралы бейнесюжеттер пайдаланылды.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|