11 желтоқсанда Оралхан Бөкей атындағы қалалық орталық кітапханада жазушы Оралхан Бөкейдің 75 жылдығына арналған көнференция болып өтті. Онда осынау оқиғаға орайластырылған картиналар көрмесі болды. Аталған көрмеге музей-қорық қызметкері де қатысқан-ды.
Көрмеде музей-қорықтың аға ғылыми қызметкері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Гүлнар Бекбердинова Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» атты шығармасын суретпен «сөйлетті». Оның бұл картинасы жүлделі 2-ші орынға лайық деп табылды. Конференция жұмысына жазушының қарындасы Ғалия Бөкеева, сондай-ақ, Астанадан келген қонақ, жазушы Асқар Алтай және өнертанушы-журналист Назерке Жұмабай қатысты.
Қазақстан Тәуелсіздігі күні қарсаңында Семейдегі облыстық Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде де көрме ашылған болатын. Көрмеге қатысқан суретшілердің еңбектерінде негізінен ел тарихы мен туған өлкенің табиғаты бейнеленді. Гүлнар Бекбердинова осы көрмеге өзінің «Семей. 19 ғасыр» атты еңбегін (холст. акрил) ұсынған болатын. Гүлнар Мигражқызының сөзіне қарағанда, бұл оның алдағы уақытта тарих тақырыбына салынатын «Киелі мекен» атты триптихының негізгі бөлімі болмақ.
Жалпы бұл Г. Бекбердинованың және басқа да музей қызметкерлерінің түрлі көрмелерге алғаш қатысуы емес. Осының өзі-ақ музей-қорықта дарынды әрі шығармашыл адамдар қызмет ететінін көрсетсе керек.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|