Музей-қорық «Украин әйелдерінің көйлектері» атты каталог шығарды. Онда украиндардың музей қорынан алынған ескі киімдерінің элементтері ұсынылған.
Каталогты құрастырушы халықтар және аз санды этнотоптар этнографиясы бөлімінің аға ғылыми қызметкері М.М. Резонтованың атап өткеніндей, музей-қорық қоры украиндық текстильдің бағалы топтамаларына бай.
Киім бұйымдары арасында украин жейделері, нақтылап айқанда, 50 көйлек бар, оның 30-ы әйелдердікі. Көйлек – украин киімдерінің ежелден келе жатқан түрлерінің бірі. Олар пішілуі мен тігілуі жағынан сан түрлі, күнделікті киетін және мерекелік болып бөлінеді, ерекше өрнектермен безендірілген. Топтамадағылар негізінен мақта-матадан тігілгендер, алайда, зығырдан үй жағдайында тоқылғандары да баршылық.
Топтамаларды жинастыру 1968 жылдан бастау алады. Аталған бөлім қызметкерлері сол уақыттан бастап, оларды біздің облысқа жер аударылып келген украиндар мекен ететін ауыл-селоларды аралау барысында жинастырған-ды. Біраз көйлектер 1990-1991 жылдары Украинаның Чернигов және Винница облыстарының елді мекендерінен сатып алынған. Топтамалар үнемі толықтырылып отырылады және ұқыпты сақталады. Аталған каталог – музей-қорықтың Шығыс Қазақстан жерін мекендейтін барлық халықтың салт-дәстүріне құрметпен қарайтынының жарқын дәлелі.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Алексей Мазницын.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|