Музей-қорық Қазақтың спорт және туризм академиясы ғылыми-зерттеу институтынан «Ұлы Сібір экспедициясының маршруттарымен» атты халықаралық жобаға қатысуға ұсыныс алды. Жоба Ресейдің 40 аймағы мен 11 елді, оның ішінде Қазақстан Республикасы да бар, біріктіріп отыр.
Шығыс Қазақстан «Ұлы Сібір экспедициясының маршруттарымен» атты халықаралық жоба жүзеге асатын аймақтар қатарына енеді. Аталған экспедицияны орыс теңізшілері XVIII ғасырдың екінші ширегінде, Сібірдің арктикалық жағалауы бойымен Солтүстік Американың жағалауына және Жапонияға қарай жүруді қолға алған болатын. Сол экспедицияның бір тобы – Академиялық экспедиция біздің өлкені зерттеумен айналысқан-ды.
«Ұлы Сібір экспедициясының маршруттарымен» жобасының авторы, қаламызға Санкт-Петербургтан келген ресей саяхатшысы, баспагер Ильдар Маматовтың сөзіне қарағанда, аталған жоба білім беру, туризм, мәдениет және ғылым салаларында жүзеге асырылмақ. Ол қатысушылардың ақпарат алуына, мәдени демалыс ұйымдастыруына және дүниетанымын кеңейтуіне мүмкіндік береді. «Алдымен айтарым, біздің жобамыз ағартушылық бағыт ұстанады, - деп тұжырымдады Ильдар Юнусович. – Сонымен қатар ол адамдардың өзара араласуына жол ашатын мемлекеттер арасындағы достық «көпірі» болмақ». Ильдар Маматов Солжағалық кешен аумағында болып, Этноауылға барды және бұл жерде аталған жобаның міндеттеріне нақты жауап беретін ұлтаралық және конфессияаралық байланыстар идеясы жүзеге асатынын атап өтті.
Аталған жобаны өз аумағында іске асыру көзделіп отырған қалалар – Өскемен, Риддер, Семей және олардың маңайы. Сондай-ақ, жоба мүшелері жоңғарлардың монастырь-қорғаны – Аблайкитке ерекше қызығушылық тудырып отыр. Қазір туристік операторларға арналған бағыттама үшін ақпараттар мен материалдар жинастырылуда. Ал олар Шығыс Қазақстан аумағына саяхат жасайтын туристерге ұсынылатын болады.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|