• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Ауғаныстан – жазылмас жара. 2019

Ауғаныстан – жазылмас жара. 2019

12 ақпан күні музей-қорықтың ақпараттық-білім беру бөлімі  Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен  шығарылғанына 30 жыл толуына орай, №36 орта мектебінің орта және жоғарғы сынып оқушылары үшін «Ауғаныстан – жазылмас жара» атты тақырыптық іс-шарасын өткізді.

Мектептің мәжіліс залында өткен кездесуге  Ауғаныстандағы соғыс ардагерлері, мектептің ата-аналар комитетінің өкілдері және музей-қорықтың ауған жауынгерлері келді. Кездесудің жетекшісі - бөлім бастығы Шынар Карибаева және қызметкер Анастасия Григорьева оқушыларға ауған соғысының не екенін және неге ұмытуға болмайтынын  айтып өтті.  Олардың әңгімесі сахнада орнатылған экрандағы бейнехроникамен  бірге жүрді. Музей-қорықтың қор топтамаларынан алынған «Мен жүрегімді ауған тауларында қалдырдым» тақырыптық көрмесі - кітаптар, сондай-ақ, Шығыс Қазақстаннан шыққан ауған жауынгерлерінің марапаттары мен мемориалдық заттары ауған оқиғаларының айқын дәлелі болды. Көрмемен музей-қорықтың ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі әдіскері В.В.Щеглов  таныстырды.

Соғыс ардагері М.А. Селиванов Ауғаныстандағы жауынгерлік жолы туралы әңгімелеп берді. Ауған жауынгері В.В. Огнев мектеп оқушыларына «Мен біздің ғаламшарымызда соғыссыз бейбітшілік әрқашан болсын деп тілеймін» - деді. Мектеп оқушылары  Анастасия Ляпунова мен Анастасия Красикова ауған соғысы туралы әндер айтып,  өлеңдер оқыды. Шара соңында мектептің директоры   Л.И. Шостко музей-қорығының қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Любовь Ивановна айтқандай, осындай кездесулердің арқасында жас ұрпақ бұл оқиғаларды және  интернационалист-жауынгерлер Ауғаныстан жерінде бейбіт өмір сүру үшін күрескенін ұмытпайды.

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

Суретті түсірген Алексей Мазницын

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …