10 наурызда облыстық Достық үйінде жергілікті қолөнер шеберлері бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылған Масленица мерекесі болып өтті. Көрмені ұйымдастыруға музей-қорықтың халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімі атсалысты.
Масленицаның соңғы аптасындағы бұл көрмеде не болмады дейсің! Қала шеберлері И. Мартынин, Ф. Камаева, Ю. Проскурина қабық пен шпоннан жасалған бұйымдарын, білезіктерін, сырғаларын, былғарыдан сутажды әдіспен жасалған әшекейлер жиынтығын, сондай-ақ, жұмсақ қуыршақтарын ұсынды. А. Никулина мен Т. Красильникова үстелдерге өз қолдарымен тоқыған заттарын шығарды: біреуінікі шапкалар, береттер мен ойыншықтар болса, екіншісінікі шләпілер, қолғаптар мен шұлықтар болды. М. Широких пен А. Мещеряков кәдесыйлық бұйымдарын: әшекейлері мен аксессуарларын, ағаш қасықтарды, құтылар мен турағыш тақтайшаларды қойды. Көрмеда сондай-ақ, шебер С. Алексееваның қолынан шыққан фоамиран мен маталарды: галстуктерді, ленталар мен майлықтарды сатып алу мүмкіндігі болды.
Музей-қорықтың халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің меңгерушісі Райса Мұхамеджанованың сөзіне қарағанда, мұндай көрме-жәрмеңкенің мақсаты халықтың қолөнершілік дәстүрін сақтау және одан әрі дамыту болып табылады. Расымен де, осындай шеберлердің ісмерлігі арқасында біздің ата-бабамыздың халықтық өнері мен дағдылары жаңғырып келеді. Қолөнершілердің алдында тұрған келесі мақсат – Наурыз мейрамына арналған жәрмеңкеге қатысу.
Музей-қорықтың баспасаз қызметі.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|