2019 жылдың 30 наурызы күні сағат 10.00-де «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан-Американ еркін университетінде Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласындағы 29 мектептің 10-11 сынып оқушылары арасында Қазақстанның тарихы мен мәдениеті бойынша олимпиада болып өтті.
Өңірлік олимпиаданың жұмысына ҚАЕУ оқытушылары, Өскемен қаласындағы музейлердің, оның ішінде Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының қызметкерлері: директордың көрме-экспозициялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Е.Ю Рахматулина мен орыс этнографиясы бөлімінің кіші ғылыми қызметкері М.А. Солонец төрелік етті.
Олимпиаданың қорытындысында белсене қатысқан оларға алғысхаттар табыс етілді.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|