• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Мәңгі есте сақтау үшін. 2019

Мәңгі есте сақтау үшін. 2019

 Музей-қорықта Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күні қарсаңында  мектеп оқушылары мен техникалық-экономикалық колледж  оқушыларының қатысуымен мерекелік іс-шаралар болып өтті.

«Ел қорғауға  әзірміз!». Қазақ этнографиясы бөлімінің қызметкерлері 6 мамыр күні М. Горький көшесі, 59 ғимаратында №35 орта мектептің төртінші сынып оқушыларымен өткізген таңертеңгілік осылый деп аталды. Таңертеңгілік Отан қорғаушы күніне арналды. Ол 7 мамыр күні атап өтіледі, өйткені, 1992 жылдың дәл осы күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз әскерімізді құру туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Бөлімнің ғылыми қызметкері Алмагүл Кенжина атап өткендей, негізгі мақсат балалардың назарын қазақтың ұлттық ойындары кірістірілген  сайыстарға аудару болды. Оқушыларға үй тапсырмалары берілді. Мереке барысында қыздар ұлдарды – келешек Отан қорғаушыларды құттықтады. Балалардың өз күшімен дайындалған концерт қойылды.

Осы күні музей-қорықтың тағы бір корпусында, Қ. Қайсенов көшесі, 67 ғимаратында Ұлы Отан соғысы жылдары тылда еңбек еткен Аза Васильевна  Ермолаева мен Виктор  Емельянович Спасовпен кездесу болды. Ғылыми-ағарту және  көпшілікпен жұмыс бөлімі ұйымдастырған «Енді қалған ғұмырда» атты іс-шараға техникалық-экономикалық колледждің бірінші курсында оқитын оқушылар қатысты. Құрметті қонақтар сол бір сұрапыл жылдарды еске алды. Ал келешек Отан қорғаушылар викторина сұрақтарына жауап берді. Оларда шығысқазақстандық жауынгерлер – Ұлы Отан соғысыңа қатысушылардың есімдері мен соғыс жылдарындағы әндерді атау, соғыс жайлы экранда көрсетілген фильмдердің үзінділеріне қарап, оның қай фильм екенін айту ұсынылды. Іс-шара соңында кездесуге келген тыл еңбеккерлеріне гүл шоқтары табысталды.

-  Мұндай кездесулер өте қажет, - деді Виктор Емельянович Спасов. – Олар   бүгінгі ұрпақ бақытты өмір сүру үшін аға буын өкілдерінің қаншалықты еңбектенгені, бел жазбай, тер төккені жайлы балалар мен жастардың   ұмытпауына көмектеседі.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суреттерді түсірген Алексей Мазницын мен Сергей Суров.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …