Солжағалық кешен аумағында орналасқан киіз үйге келушілер енді «Құнды мұралар: қайнарлар мен дәстүрлер» атты экспозиция туралы қосымша ақпараттарды кіиз үйде орналасқан сенсорлық ақпарат-киоскінің көмегімен ала алады.
Қазақ этнографиясы бөлімінің ғылыми қызметкерлері дайындаған «Құнды мұралар: қайнарлар мен дәстүрлер» экспозициясы қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетінің ескерткіштері арқылы Шығыс Қазақстан аумағында болған тарихи үдерісті аша түседі. Экспозицияның витриналарында музей-қорықтың қорынан алынған, қазақ халқының тіршілігіндегі шаруашылық және мәдени өмір салтының санқырлы ерекшеліктері бейнеленген, сондай-ақ, қазақ шеберлерінің пайым-көзқарасы мен пәлсапалық дүниетанымының тереңдігі ұсынылған.
Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Жұлдыз Қайырбекованың пікіріне қарағанда, қазіргі кезде музейге келушілерге музей нысандарынан дерек беретін ақпараттың нақты бір формалы жиынтығы жұмыс істеуде. Мысалы, асқан сауаттылықпен орын тепкен экспозиция, ойланып істелген этикитаж, сәтті орналасу және жәдігерлердің жақсы жарықтандырылуы және басқа да музей кеңістігінің құрамдас бөліктері бір өзі ғана келген келушінің музей бұйымдарымен толыққанды байланысқа шығуына мүмкіндік беретін маңызды факторлар болып табылады. Бұл ретте ақпарат-киоскілер қосымша көмекші ретінде қызмет көрсетпек.
Киіз үйде автоматтандырылған бағдарламалы-аппараттық кешен базасында екі интербелсенді музей гиді (жолбасшысы) қойылған. Кешен сенсорлық жүйе арқылы басқарылады. Музейге келген адам қажет ақпаратты жылдамырақ алу үшін, қосымшаны ашу мен басқа да бір дерекке қол жеткізу үшін монитордағы өзі керек еткен бөлімге саусағын тигізсе болғаны. Экспозициялар мен олардағы жәдігерлер жайлы деректер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шыға келеді. Сондай-ақ, бұл жерде Тұңғыш Президент Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы модернизациялау» атты мақаласын оқуға, мемлекеттік бағдарламалармен танысуға және Шығыс Қазақстанның киелі жерлері туралы ақпарат алуға болады. Музей бұйымдарын сурет тілінде «сөйлеткен» - музей-қорықтың суретке түсірушісі Сергей Суров. Бұған қоса экспозицияның витриналары мен жәдігерлер жайлы сөз сапталатын аудиоэкскурсиялар да бар.
Музей «Музей гиді (жолбасшысы)» жүйесінің көмегімен ақпараттандырудың заманауи деңгейіне көтеріліп, үдемелі мультимедиалық технологиялармен бірге қадам жасауда,
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|