• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Музей түні – жастар уақыты! 2019

Музей түні – жастар уақыты! 2019

17 мамыр күні  музей-қорығында Жастар жылына арналған дәстүрлі музей түні өтті. «Музей түні  –  жастар уақыты» акциясына облыс орталығының балалар және жасөспірімдер шығармашылық ұжымдары қатысты. Іс-шара бағдарламасы Жастар саябағының әртүрлі алаңдары мен  музей-қорығының көрме залдарында өтті. Биыл музей түні  «Қымызмұрындық» мерекесімен бірге өткізілді.

Музей түнінің алғашқы келушілерін «Жастар» саябағындағы халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімі ұйымдастырған қолөнершілердің «Сізге арналған кәдесый» атты жәрмеңкесі қарсы алды. Мұнда Тамара Владыкина, Тамара Сазонова және басқа қолөнершілер шеберлік дәрістерін өткізді. Кешкісін сағат 19.00-де саябақтың орталық алаңында бағдарламаның мерекелік ашылуы болды. Концертке «Пируэт» үлгілі би ансамблі, «Визит» вокалдық студиясы, «Ты супер!» халықаралық вокал сайысының қатысушысы Влад Лоскутов, облыстық филармонияның әншісі Жібек Бисенғалиева, облыстық Достық үйіндегі этномәдени бірлестіктерінің жастар ұжымдары қатысты.

Концертті «Қымызмұрындық» мерекесі жалғастырды. Осы мерекені ұлттық-мәдени құндылық ретінде маңыздылығын ескере отырып, ЮНЕСКО-ның мұралық тізіміне ену жоспарлануда. «Қымызмұрындық» мерекесіне арналған театрландырылған қойылымды С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің «Шабыт» студенттер театры дайындаған. Жиналған қауымды дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы мектеп-гимназия-интернаты мен Балалар шығармашылық үйінің  балалары  және облыстық Достық үйінің «Атамұра» және «Ажарым» ансамбльдерінің орындаушылары өздерінің ән-билерімен қуантты. Концерттің барлық қатысушыларына музей-қорығының басшылығы атынан алғыс хаттар тапсырылды. Мереке соңында  дискотека ұйымдастырылды.
Айта кетейік, музей түні акциясы бағдарламасы келушілердің жас ерекшеліктері  ескеріле отырып жүргізілді. Этноауылдағы Оралхан Бөкей павильоны алдында сирек кітаптар және иконажазу бөлімінің қызметкерлері «Шабыт» студенттік театрының қатысуымен ақын Ұлықбек Есдәулеттің 65 жылдығына арналған поэтикалық кеш ұйымдастырды. Маралшы үйінің жанында  орыс этнографиясы бөлімі «Бастеньки» ансамблімен бірге «Орыс үйінің іргелігі» фольклорлық-этнографиялық бағдарламасын өткізді. Мұнда гармоньмен орыс әндері шырқалып, жиналғандарға тоқаш пен шәй және бал берілді. Чехов көшесі жағындағы (бұрынғы Киров) субұрқақ жанында өткен «Көтеріңкі көңіл күйдің дәруі» атты конкурстық-ойын бағдарламасы өте қызықты өтті.

Келушілер саябақ тоғанында балық аулап, су перісімен суретке түсті.
Сол түні музей-қорық ғимараттарында өскемендіктер мен қала қонақтарын жылы қарсы алды. Әкімшілік ғимаратының үшінші қабатында мультфильм көрсетілді. М.Горький көшесі, 59  ғимартында халық ісмерлері «Өрнектер кереметі» атты шеберлік дәрістерін  жүргізді. Қазақ этнографиясы бойынша шолу экскурсиялар жүргізіліп, музей қорынан алынған қазақ тұрмысындағы бұйымдар бойынша викторина өткізілді. Осы жерде қазақ этнографиясы бөлімінің қызметкерлері өз қонақтарымен «Қара жорға» биін билеп, оларға «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойынын үйретті. Құммен сурет салу бойынша шеберлік дәрістер өткізілді. Жастар  қазақтың ұлттық киімдерін киіп суретке түсті. Қ. Қайсенов көшесі, 67 ғимаратында белорустар мен басқа ұлттық киімдерінің аксессуарлары және элементтері арқылы суретке түсу мүмкіндігі болды. Үлкендер мен балалар үшін сазбалшықтан жапсыру, оригами бойынша өткен шеберлік дәрістері,                 «Музей балалар көзімен» суреттер байқауы және музей-қорық қорынан алынған  «Бірегей жәдігерлер» атты шағын көрмесі қызықты болды.
Музей-қорығы  мерекелік сауданы да сырт қалдырған жоқ. Саябақтың этноауылына кіре берісте шаруа қожалықтары қымыз және  басқа да сүт өнімдерін сатты. «Жаңа ғана оттан түскен» сауда қатары жұмыс істеді. Келушілер әкімшілік ғимаратындағы этнокафеде бауырсақ пен ыстық шай ішті.
 Музей-қорығы қызметкерлерінің қатысуымен өткен «Музей түні» акциясы Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтарынының үлкен қызығушылық тудырды. Сағат 23.00-ге дейін жалғасқан акцияға облыс орталығының мәдениет және қоғамдық мекемелерінің өкілдері, мезгілді қызмет әскерлері, студенттер мен жастар қатысты.

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

Суретті түсірген Алексей Мазницын және Сергей Суров

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …