Шығыс Қазақстанда мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшылығымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы дала палитрасы» атты үлкен шығармашылық жоба жүзеге асырылуда. Таяу және қиыр шет елдердің 10 елінен келген 20 суретші өз картиналарын салуда. Жобаға қатысушылар 12 маусым күні музей-қорығының Солжағалық кешеніндегі саябақта болып қайтты.
«Ұлы даланың палитрасы» жобасы – облыс әкімі Даниал Ахметовтың бастамасы. Ресей, Франция, Германия, Түркия, Литва, Грузия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан және Қазақстан суретшілері Шығыс Қазақстанды, яғни көрермен алдында оның сұлулығын, көрікті жерлерін, оның тарихы мен бүгінгі күнін жайып салатын картиналарын бірге ала кетеді. Мәдени бағдарлама аясында жобаның қатысушылары Солжағалық кешенде болды. Олар үшін этноауылға және көрме павильондарына экскурсия өткізілді. Үлкен павильонда қонақтарға «Ғажап Қытай» және «Балалық шақтың бояулары» атты көрмелері көрсетілсе, кіші павильонда Абайдың шәкірті ақын Төлеу Көбдіковтың шығармалары туралы сөз болды.
Максим Верников Алматыдан, Сильвия Дребицкайте Литвадан,
Әзірбайжаннан Теймур Агали оглы және басқа да суретшілер біздің жеріміздің бір бөлшегін алып кететінін айтты. «Тамаша әсер! Менің Отаным Қазақстанға таң қаламын. Осындай керемет орындары бар.» - дейді Көкшетау қаласының тумасы Болат Мекебаев. Ол 20 жылдан астам уақыт Берлинде тұрады. Қазақстанда жиі болғанымен, біздің өңірге алғаш рет келген. «Музей-қорығында өлкеміздің тарихы сақталғаны өте маңызды. Бұл келер ұрпақ үшін қажет» - дейді Германиядан келген қонағымыз.
Ертең, 13 маусым күні «Ұлы дала палитрасы» пленэрінің қатысушылары «Жастар» саябағында шеберлік дәрістерін өткізеді. Басталуы сағат 16.00. Мұнда сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрме-сатылымы жұмыс істейді. Саябақтың бас сахнасында театрландырылған қойылым болады.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
Суретті түсірген Сергей Мазницын
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|